Ұсынылатын әдебиеттер.
1. Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. -А., 1999.
2. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 2005.
3. Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. -А.,1998.
4. Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі.- А., 1999.
5. Бастауыш сынып оқулықтары
Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ол бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, көлемі өте кіші болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнен бастап – ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бұлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жұмыс жасау арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме ертегі тыңдағанда зейіннін тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту – балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі. 1-сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыстырудан гөрі көрнекті бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс. Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауында ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, мұғалім тапсырма бергенде дәлелдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін атастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қана қоймай , заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға болама? Сұрағы арқылы , егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дегеніміз ! Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? Т.б. салыстыруды іске асыруға болады.
Балалар оқып үйренетін «Әліппе» кітабында жекелеген суреттер, сюжетті суреттер, түрлі – түсті бөлумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және жаттығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем, деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымның мәнін нақтылап түсіндүру үшін көрнекі құралдардың пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай-бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын – болмасын, кез-келгенкөрнекілікті ұсына берудің қажетті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керсінше, алаңдатып, зиянын тигізуі мүмкін.
Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, әр қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсендік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлерімен жіберген қателерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс жағын мұхият іздестіреді.
Оқушыларға 1 сыныптан бастап талап қоя бiлу, оның нәтижесiн қадағалау – мiнезiн тәрбиелеудегi басты әдiстердiң бiрi. Өйткенi оқушыға тиiстi талап қойылмаса, тапсырылған iс қадағаланбаса, берекесiздiк туады. Балаға кiшкентай кезiнен бастап түрлi талаптар қойып, мiндеттер жүктеп отыру оны жауапкершiлiкке, өз ісіне саналы қарауға дағдыландырады, өзiнiң борышын түсiне бiлуге тәрбиелейдi.
1-сынып оқушылары мектепке дейінгі балалар кітапшаларымен таныс болып келеді. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған суретті кітапшалар әсіресе соңғы жылдарда көптеп тарауда. Балалардың ата-аналары, аға-тәтелері сол суретті кітапшалардың суретін көрсетіп, оқып береді, әңгімелеп айтып береді, қысқа-қысқа тақырыптарды жаттатады, сурет бойынша баланы сөйлетіп те үйретеді. Мұндай жұмыстар балабақшада тәрбиеленетін балалармен жүйелі түрде жүргізіледі. Осыған орай баланың кітапқа деген құмарлығы артып, «осы кітапты өзім оқи алатын болсам» деп армандап, мектепке баруды асыға күтеді. Мектеп реформасы баланы 6 жастан бастап 1-сыныпта оқытудың мүмкіндігін шешіп береді, ол тәжірибе жүзінде дәлелденген. Сондықтан да сыныптан тыс окуды 1-сыныпта әліппе кезеңінен бастаған жөн. Әліппе кезеңінде басымырақ жүргізілетін жұмыстын түрі суретті кітапшаларды көрсетіп, сол сурет бойынша сөйлем құрату, суреттің астындағы сөздерді, сөйлемдерді оқып беріп, сол бойынша оқушылармен әңгімелесу.
№5 Сауат ашуды оқыту процесі. Дайындық кезең, әліппе кезеңі және әліппеден кейінгі кезең.
Достарыңызбен бөлісу: |