Практиканың мақсаты практикалық білім, білік және дағдыларды алу, сонымен қатар ұйымның практикалық қызметі туралы түсінік алу



бет2/5
Дата14.03.2023
өлшемі234,81 Kb.
#74299
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отчет

Айдаудын негiзгi заңдылықтары
Айдау процесінде - сұйық қоспаларды немесе ерiтiндiлердi қайнау температурасына байланыста құрамды бөліктерге бөледі. Белу бастапкы қоспаны қайнағанға дейiн кыздыру жолымен іске асырылады, біртіндеп буланады, түзілген бу тандалынады. Және конденсоцияланады. Айдау нәтижесінде дестиллат және калдык алынады, олар бастапкы коспадан Құрамы жагынан ерекшеленеді. Сұйықтың булануын және будың конденсациясын бірнеше мәрте қайталау барысында бастапкы коспаны толығымен құрамындағы компоненттерінен айыруға болады.
Сұйық бинарлы коспалардын классификациясы
Суйык екі компоненттi коспалар өзара еру дәрежесі бойынша үш топқа бөлінеді:

  1. Өзара сондай аз еритінсұйықтар; ерімейтін депте айтуга болады;

  2. Өзара шамалы,бірақ шекті еритін сұйықтар;

  3. Өзара шексiз еритін сұйықтар.

Сұйықтардың өзара ерігіштігі сұйықтардың қасиетіне, температураға және кысымға тәуелді.


Өзара ерімейтін сұйықтар:
Мұндай коспаларга су және гептан немесе су және бензол жатады. Бұл қоспалар үшін коспанын әр компонентінің парциялды кысымы компоненттің қоспанын кайнау темепратурасы барысындағы қаныққын бу қысымына тең (РА, РВ)
Мұнай өнімдері. Зауыттарда мұнайды айдау арқылы оны жеке фракцияларға бөледі: 40-200°С аралығында қайнайтын құрамында С5—С11 көмірсутектері бар бензин алынатын, 150-250°С аралығында қайнайтын, құрамында С8—С14 көмірсутектері бар лигроин; 180-300°С аралығында қайнайтын С8—С14 көмірсутектері бар керосин; бұлардан кейін газойль алынады. Бұлар — ашық түсті мұнай өнімдері деп аталады
Қолданылуы. Бензин поршенді двигательдері бар автомобильдер мен ұшақтарға жанармай ретінде қолданылады. Сонымен қатар майға, каучукқа еріткіш ретінде, матаны тазартуа, т.б. пайдаланылады. Лигроинды тракторға жанармай ретінде қолданады. Керосин — трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың (ракеталардың) жанармайы. Газойль дизель жанармайы ретінде пайдаланылады.
Мұнайдан ашық өнімдерді айдағаннан кейін, қара түсті, тұтқыр мазут деп аталатын сұйықтық қалады. Қосымша айдау арқылы мазуттан жағар майлары алынады. Бұдан басқа, мазутты химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады (кейінгі тақырыптардан қараңдар), сондай-ақ қазан қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланады.
Мұнайдың кейбір іріктемесінен қатты көмірсутектер қоспасы — парафиндер; қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. (Парафин мен вазелиннің қайда қолданылатынын естеріңе түсіріңдер.)
Бензиннің детонацияға төзімділігі. Бензиннің аса маңызды қасиеттерінің бірі — оның детонацияға төзімділігі
Детонация құбылысын тусіну үшін іштен жанатын автомобиль двигателінің қалай жұмыс істейтінін еске түсірейік. Двигатель цилиндріне бензин буы мен ауа қоспасы сору арқылы барады, қоспа поршенмен сығылып, электр ұшқыны арқылы от алдырылады. Көмірсутектер жанғанда түзілетін газдардың көлемі ұлғаяды және жұмыс істейді. Бензин буының ауамен қоспасы қаншалықты қатты сығылса, двигательдің қуаты соншалықты күшті болады және жанармайды да аз жұмсайды. Алайда бензиннің барлық іріктемелерінің қатты сығылуды көтере алмайтыны анықталды. Кейбір көмірсутектер сығылған кезде күні-бұрын от алады және қопарылыс түрінде өте жоғары жылдамдықпен жанады. Қопарылыс толқынының поршеньді соғуынан цилиндрде дүрсілдеген дыбыс шығады, детальдар уақытынан бұрын тозып, двигательдің қуаты кемиді. Бензиннің қопарылыс түрінде жануы детонация деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет