Практиканың мақсаты практикалық білім, білік және дағдыларды алу, сонымен қатар ұйымның практикалық қызметі туралы түсінік алу



бет3/5
Дата14.03.2023
өлшемі234,81 Kb.
#74299
1   2   3   4   5
Байланысты:
Отчет

Мазутты вакуумда айдау. Мазутты вакуумдық айдау үшін жанармай профилді вакуумды құрылғы қолданылады. Құрылғының негізгі міндеті – кең фракциялық құрамды ауыр және жеңіл газойлды, сонымен қатар гудрон және қарайған фракцияны алу.
Мазут – мұнайды бірінші рет айдау қалдығы. Вакуумдық газойльды каталитикалық крекинг және кейде термиялық крекинг құрылғысы үшін шикізат ретінде қолданылады.





Күл– түрлі отындардың толық жануы кезінде олардың құрамындағы минералдық қосылыстардан түзілетін жанбайтын қалдық. Химикалық құрамы жағынан күл SіО2, Al2О3, CaO, MgO, Fе2О3, т.б. оксидтерден тұрады. Тас көмір мен қоңыр көмірдің 1 – 45%-ы, жанғыш тақтатастың 50 – 80%-ы, шымтезектің 2 – 30%-ы, ағаш отынның 1% мөлшері күлге айналады. К. қазандық агрегаттардың оттығында, т.б. бөліктерінде қож (шлак) түрінде тұтылып, ластайды да қыздыру беттерінің жылу беруін нашарлатады әрі қазандықтың аэродинамикалық кедергісін арттырады. Ұшпа күлдер қазандық түтіктері мен түтін тартқыш құбырларын үйкелеп мүжиді және түтінмен бірге сыртқа шығып, қоршаған ортаны ластайды. Күл құрылыс материалдары өндірісінде бетонның кейбір түрлерін дайындауға, а. ш-нда тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Көмір Күлінен сирек кездесетін элементтер (галлий, германий) алынады.

Күлдің құрамын анықтау
Бұл әдіс Органикалық заттардың толық жануына, олардың жану өнімдерін алып тастауға және зерттелетін материалдың қалған минералды құрамын (күлін) анықтауға негізделген.
Көмірді күлдендіру әдісінің мәні күлді құрыштауға арналған пеште 800°С(±25 °C) температурада фарфор противеньде тұрақты массаға дейін құрыштауға негізделген.
Жұмысты жүргізу:

  1. Аналитикалық таразыда бос фарфор табаны өлшейді, mа, г;

  2. Шпателмен көмір өлшемесінің 1 г саламыз және өлшемесі бар фарфор табаны өлшейміз, масса, mb, г;

  3. 850 °С температураға дейін алдын ала пешті қыздырамыз, жүктеу үстелін төмен деңгейге қойып, үстіне көмір өлшемесі бар фарфор табаны қоямыз және осы күйінде 10 мин ұстаймыз. Содан кейін сүтелді орташа деңгейге көтереміз және 10 мин ұстаймыз. Содан кейін өлшемесі бар фарфор табаны пештің толықтай құрыштау аймағына орналастырамыз;

  4. Пешті қатты жабқан күйде қатты отын сынамасын 800°С температурада 40 мин ұстаймыз;

  5. Жүктеу үстелін орташа деңгейге дейін түсіріп, күлі бар фарфор табаны аламыз, алдымен ауада 6 мин, сосын эксикаторда суытып, аналитикалық таразыда массасын өлшейміз, масса mc, г;

  6. Күлі бар фарфор табаны15 мин 800 °С температурада масса айырмасы 0,001г болғанға дейін құрыштай береміз;

  7. Есептеу барысында соңғы құрыштау нәтижелерін аламыз, массса mc, г;

  8. Көмір өлшемесіне проценттік қатысты күлдің массасын күл мөлшері АP деп есептеп мына формула бойынша анықтаймыз:

АР = mc-ma . 100/mb-ma, %



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет