Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар
Құрметті оқырман! Осы машықтану «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы» кəсібі бойынша оқу-əдістемелік жинақтың бөлігі болып табылады. Машықтану «Дербес компьютерлердің, серверлердің, шеткері құрылғылардың, жабдықтар жəне компьютерлік кеңсе техникасының аппараттық жасақтамаларына қызмет көрсету» КМ.01 оқуға арналған. Жаңа ұрпақтың оқу-əдістемелік жинақтары жалпы білім беру мен жалпы кəсіби білім беру пəндерін жəне кəсіби модульдерді оқуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, дəстүрлі жəне инновациялық оқу материалдарынан тұрады. Əр жинақ құрамына жалпы жəне кəсіби, оның ішінде жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, құзіреттерді меңгеруге қажетті оқулықтар мен оқу құралдары, оқыту жəне бақылау құралдары кіреді. Оқу басылымдары электрондық білім беру ресурстарымен толықтырылады. Электрондық ресурстардың құрамына интерактивті жаттығулар мен тренажерлары бар теориялық жəне тəжірибелік модульдер, мультимедиялық нысандар, қосымша материалдар мен интернет ресурстарына сілтемелер кіреді. Оларға терминологиялық сөздік жəне оқу үдерісінің негізгі параметрлері: жұмыс уақыты, бақылау жəне тəжірибелік жұмыстарды орындаудың нəтижелері тіркелетін электрондық журнал кіреді. Электрондық ресурстар оқу үдерісіне оңай енгізіледі жəне əртүрлі оқу бағдарламаларына бейімделе алады. Ақпарат – бұл ақпараттық əлемде қазіргі заман адамына өмір сүру үшін қажетті ресурстардың көзі. Қандай да бір дəрежеде ақпаратты алу жəне өңдеу үдерістерімен байланыспаған адам қызметінің бір де бір саласы жоқ. Сондықтан оқу үдерісінің ажырамас бөлігі ретінде оқу үдерісі құрылымына заманауи ақпараттық технологияларды енгізу жəне модульдік тəсіл негізінде оқытуды ұйымдастыру, білім беруді жаңартудың негізгі бағыттар болып табылады. Ақпараттық технологиялар ақпараттық–білім беру ортасын жəне e-learning технологияларды қалыптастыруда заманауи көзқарасты ескере отырып, білім беру үдерісінде əзірленеді жəне қолданылады. Осының барлығы Ресей Федерациясының 2013-2020 жж. арналған «Білім беруді дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға əрекет етеді. Инновациялық технологиялар білім берудегі ақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігін бағалайды. Оларға модульдік оқыту технологиялары жатады. Технологияның мəні үйренушілердің модульдерді, ақпараттың аяқталған блоктарын тізбекті меңгеру болып табылады. Технологияны енгізу үдерісінде модульдің бірлік, тұтастық жəне тəуелсіздік сияқты белгілері сақталады. Ақпараттық технология бір қызметтің түрінен (теориялық білімді алу) екіншісіне (кəсіптік дағдылар мен икемділіктерді алу) біртіндеп жəне мағына түзуші көшуді шамалайды. Ақпараттық-оқытушы ағының құраушы бөліктері – үйренушілердің білім беру бағдарламасын өту кезеңдеріне байланысты күрделілік деңгейлері əртүрлі ақпараттық-оқыту модульдер. Олардың əлеуметтік рөлі ақпараттың əлеуметтік селекциясының жаңа мүмкіндіктерін жəне оқытатын ақпарат ағының өзгеру динамикасын ұсынады. Ақпараттық ортаны: электрондық деректер базасын, олардың құрылымын, компьютерлік тестер мен бақылау түрлерін дамыту арқылы оқыту мазмұнының фактологиялық жағын жетілдіру жалғасуда. Модульдік оқыту негізінде бірнеше оң нəтижелерге жеткізеді. Біріншіден, дидактикалық материалдар жəне нұсқаулықтармен жарақталған үйренуші, оқу пəнін меңгеру кезінде үлкен тəуелсіздік алады. Екіншіден, оқытушының қызметі дəріс беруден кеңес беруге көшеді. Үшіншіден, əр модульдің аяқталуымен сəйкес келетін, материалды меңгеруді аралық бақылаудың нүктелері пайда болады. Төртіншіден, мазмұны бойынша аяқталған модульдерді қадамдық оқу арқылы пəн толықтай меңгеріледі. Модульдік оқыту кезінде үйренуші белсенді жəне тиімді оқу- танымдық қызметке қосылады, мазмұны жəне көлемі бойынша сараланған бағдарламамен жұмыс істейді. Бақылаудың, түзетудің, кеңес берудің, тəуелсіздік дəрежесінің дербестігі жүреді. Студенттің үлкен дəрежеде өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі бары өте маңызды, бұл оқуды ынталандыруға əрекет етеді. Тəжірибелік жұмыстарды өткізген кезде үйренушілердің өзіндік көзқарасы неғұрлым маңызға ие. Олардың əрқайсысында теориялық дайындықтың деңгейі əртүрлі. Сонымен қатар, тапсырманы орындау барысында студенттер əртүрлі тəжірибелік амалдарды қолдана алады. Оқытушы тапсырманы орындау үдерісінде студенттердің қызметін дəл қадағалап əрі олардың əрекеттерін бағалауға тиіс. Студенттердің тəжірибелік тапсырмаларды орындау барысында жеке тапсырмаларды орындау белсенді, неғұрлым жиі қолданылатын оқыту əдістерінің бірі болып табылады. Материал жинау, нақты жағдайда оны талдау студентте бастапқы дербес кəсіби тəжірибені қалыптастырады. Осы құралда интернет-ресурстарын қолдана отырып, топпен істейтін тапсырмалар, сол сияқты дербес зерттеуге арналған тəжірибелік тапсырмалар ұсынылады. Есеп беру жəне техникалық құжаттама үшін тəжірибелік жұмыстар топтың папкасында сақталады, ал аудиториядан тыс жұмыстар баяндама түрінде орындалады жəне тиісті папкада мəтіндік файлда сақталады. жүктеу/скачать 7,51 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |