Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет3/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
5

АППАРАТТЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ЖАСАҚТАМАНЫ БАПТАУШЫНЫҢ
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН
ЖҰМЫС ОРНЫ
Қазіргі уақытта қызметкерлердің қызметі дамыған технологияларды қолдануға бағдарланған. Əрбір технология өзін іске асыру үшінақпаратты өндеудің техникалық құралдарын қолданады, олардың ішінде дербес компьютерлер (ДК) басты орын алады. Олар кіру ақпартты автоматты өндеу жүйесінен қызметкерлердің тəжірибесін жинақтау, талдау, бағалау жəне неғұрлым тиімді тəжірибелік шешімдерді шығару құралына айналуда.
Автоматтандырылған жұмыс орын (АЖО) – бұл пайдаланушыға деректерді өңдеу жəне нақты пəндік салада қызметтерді автоматтандыруды қамтамасыз ететін, ақпараттық- бағдарламалық-техникалық ресурстардың жиынтығы.
Автоматтандырылған жұмыс орындарды жасау, ақпаратты жинақтау, сақтау жəне өңдеу бойынша негізгі операциялар есептеуіш техникаға жүктелетінін шамалайды. Дербес техника қызметті бақылау, міндеттерді шешу барысында жеке параметрлердің мəнін өзгерту, сондай-ақ ағымдағы міндеттерді шешу үшін автоматтандырылған ақпараттық жүйеге бастапқы деректерді енгізу үшін қолданылады.
1.1. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫС ОРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Кез клеген автоматтандырылған жұмыс орынның негізі ақпаратты ұжымдық өңдеуге арналған, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету болып табылады. Автоматтандырылған жұмыс орындары негізінде кəсіби жəне мобильдік болып бөлінеді. Кəсіби АЖО автономды жұмыс орындардың, үлкен ЭЕМ интеллектуалдық терминалдардың, жергілікті желілерде жұмыс стансалардың рөлін атқара отырып, адамның ақпараттық жүйелермен қарым- қатынастың бас құрал-сайманы болып табылады.


Мобилдік бағдарламалық-аппараттық кешен мобильдік құрылғыларды қолдана отырып, станционарлы АЖО-на қол
жетімділіктің бар болуына қарамастан шешімді қабылдауға ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету үшін арналады. ДК негізінде құрылған автоматтандырылған жұмыс орын, - Автоматизированное рабочее место, созданное на базе ПК, – ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтіндерге арналған автоматтандырылған жұмыс орынның неғұрлым қарапайым жəне кең таралған нұсқасы. Ол: пайдаланушыға қатысты қарапайымдылықты, қолайлылықты жəне ынтымақтастықты; пайдаланушының нақты қызметтерге бейімделудің қарапайымдылығын; орналасу компактілігі мен пайдалануға қойылатын жоғары емес талаптарды; жоғары сенімділік пен ұзақ жасағыштығын; техникалық қамтамасыз етудің салыстырмалы қарапайымдылығын қамтамасыз етеді.
АЖО жұмысының тиімді режимі, жұмыс стансасы ретінде жергілікті есептеуіш желі аясындағы оның қызмет етуі болып табылады. Бұл нұсқа əсіресе ақпараттық-есептеуіш ресурстарды бірнеше пайдаланушылардың арасында бөлу қажет болғанда орынды.
Неғұрлым күрделі жағдайларда АЖО арнайы жыбдықтар арқылы тек қана бас сервердің желісіне ғана емес, сонымен қатар əртүрлі ақпараттық қызметтер мен жалпы мақсатта пайдаланатын жүйелерге (жаңалықтар қызметі, ұлттық ақпараттық жүйелерге, деректер мен білімдер базасына, кітапхана жүйелері мен т.б.) де қосылуы мүмкін.
АЖҰ жасайтын мүмкіндіктер маңызды дəрежеде есептеуіш құралдардың техникалық-пайдалану сипаттамаларына байланысты. Осыған орай АЖҰ жобалау сатысында техникалық өңдеу құралдары мен ақпаратты берудің базалық параметрлеріне, құрамдас модульдерге, желілік интерфейстерге, құрылғылардың эргономикалық параметрлеріне, арнайы жабдықтарға жəне т.б. талаптар тұжырымдалады.
АЖҰ ақпараттық қамтамасыз ету, техникалық сипаттағы əдістемелік құжаттамадан тұратын, пайдаланушыға дағдылы нақты пəндік салаға бағдарланады. Құрылымданған ақпаратты сақтау іздестіру жүйелері ұсынатын электрондық тасымалдағыштар немесе дискілерде жүзеге асырылады.
АЖҰ техникалық қамтамасыз етуі техникалық құралдардың, пайдаланушыға ыңғайлы жұмыс режимдерін ұйымдастыруға (автономды, деректеді бөлу базасымен, ақпараттық, жоғары деңгейі техникасымен жəне т.б.), берілген уақытта қажетті деректер көлемін өңдеуге қабілетті жоғары беріктігіне кепілдік беруі тиіс.
АЖО дербес пайдаланылатын құрал болып табылатындықтан, ол жоғары эргономикалық қасиеттерді жəне қызмет көрсету жайлылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Бағдарламалық жасақтама (БС), ең алдымен пайдаланушының кəсіби деңгейіне бағдарланады, оның функционалды қажеттілігімен, біліктілігімен жəне мамандануымен үйлеседі.
1.2. ТƏЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ƏДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

«Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманы баптаушы» кəсібі бойынша І курс оқушысына тəжірибелік көмек көрсетуге арналған ұсыныстар. Тəжірибелік жұмыстарды (ТЖ) безендіру бойынша екі үлгі беріледі. Қалған тəжірибелік жұмыстарда студентпен бірлесіп оқу мақсаттары мен міндеттердің қойылуын орындау қажет. Федералды мемлекеттік білім беру стандартының (ФМБС) жалпы ережелері оқушыларда өз кəсіби қызметінде мақсаттар мен міндеттерді қою біліктерін қалыптастыру, жағдайға сəйкес қалыпсыз жағдайларда əрекет етуге, өз кəсіби қызметіндегі өзгерістерге психологиялық даяр болу біліктерін қалыптастыру технологияларын енгізу қажеттіліктерін көздейді. Тəжірибелік жұмысты орындауға кіріскенде, сабақтың мақсатын, міндетін мұқият оқу қажет, осы кəсіп бойынша ФМБС сəйкес дайындық деңгейіне қойылатын талаптарымен, тəжірибелік жұмыс тақырыбы бойынша қысқаша теориялық жəне оқу-əдістемелік материалдарымен танысу, теориялық материалды бекіту үшін сұрақтарға жауап беру қажет. Тəжірибелік жұмыстың барлық тапсырмалары нұсқаулыққа сəйкес орындалуы тиіс. Сабақ барысында алынған нəтижелер оқытушы келтірген əдістеме бойынша талдануы тиіс. Модульді меңгеру нəтижесінде болашақ маман өзінің кəсіби қабілеттерін іске асыру үшін құнды жəне қажетті материалды жинауға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет