«Қатқыл дискіні қосу интерфейстерінің жылдамдық сипаттамалары» кестесін рəсімдеңдер.
Қатқыл дискінің аксесуарларын (жалғастырғыш тетіктер, контейнерлер, док-стансалар), қорапты (ішкі, сыртқы), кабель- жалғастырғышты, салқындату жүйесін жəне т.б. қолданып, қатқыл дискіні қосудың электрондық фотоальбом-нұсқаулығын жасаңдар.
Интернет ресурстарын қолданып, қатқыл дискімен жұмыс істеуге ұсынылған бағдарламаны таңдап, бағдарламаны сипаттаңдар. Бағдарлама туралы ақпаратты мəтіндік құжатта сақтаңдар: бағдарламаның атауы, нұсқасы, шығарылған немесе жаңартылған жылы, платформа (ОЖ), лицензия, орнату түрі (портативтік, толық, таңдаулы жəне т.б.), көлем, автор немесе өндірушінің сайты, бағдарламаның мүмкіндіктері, бағдарламаның скриншоты.
Аудиториядан тыс өзіндік жұмысы
Компьютердің қатқыл дискін қалай дұрыс пайдаланады жəне HDD тозуына қандай факторлар əсерін тигізеді, түсіндіріңдер.
HDD/SSD тестілеуге арналған арнайы бағдарламалардың тізімін жасаңдар.
http://www.ferra.ruсайты туралы хабарлама жасандар.
HDD (RAID-массив) массивті ұйымдастыру үшін не қажет, түсіндіріңдер.
Өндірушілер қатқыл дискілерді қандай технологиялармен жабдықтайтынын анықтаңдар.
Қатқыл дискіні таңдаған кезде қандай сипаттамаларға назар аудару қажет, түсіндіріңдер.
«Қатқыл дискінің жазу тығыздығы» түсінігін түсіндіріңдер. Қандай өндірушілер жазудың жоғары тығыздығын ұсынады, анықтаңдар.
Қосылатын қатқыл дискілердің саны неге байланысты, анықтаңдар.
10.Ақпаратты сақтаған кезде қандай жаңа əзірлемелер қолданылады, анықтаңдар.
11.Түйіспесіз қатқыл дискілер бір уақытта бірнеше мобильдік
Құрылғылармен қалай жұмыс істейді, түсіндіріңдер.
Дефрагменттеу сервисі қатқыл дискіні тиімділеуден айырмашылығы неде, түсіндіріңдер.
Қатқыл дискілердің док-стансаларының оң жəне теріс жақтарын атап шығыңдар.