Кіріктірілген бейнекартасы бар аналық тақшаны анықтаңдар, графикалық чипсеттің жəне бейнепорттың атауларын жазып алыңдар:
а) аналық тақша Zotac Z68ITX-B-E Socket 1155, Intel Z68, 2 х DDR3 SO-DIMM, GeForce GT 430, 7.1CH, 1 000 Мбит/с, Wi-Fi, USB3.0,
DVI, HDMI, mini-ITX, Retail;
б) аналық тақша VIA VB7009-10E A1D + VIA C7 onboard VIA
VX900, 1 х DDR3, VIA Chrome9, 5.1CH, 2 х 1 000 Мбит/с, D-Sub,
COM, LPT, mini-ITX, Retail;
в) аналықтақша Intel D2500CC + Atom D2500 onboard OEM Intel NM10, 2 х DDR3 SO-DIMM, Intel GMA 3600, 5.1CH, 2 х 1 000
Мбит/с, D-Sub, DVI, 2 х COM, mini-ITX, OEM;
г) аналықтақша ASUS Rampage IV Extreme Socket 2011, Intel X79, 8 х DDR3, 7.1CH, 1 000 Мбит/с, Bluetooth, USB3.0, eSATA, E-ATX,
Retail.
Интернет-ресурстарды қолданып, «Бейнекартаның құрылымы» тақырыбына таныстырылымды жасаңдар.
Интернет-ресурстарды қолданып, мəтіндік редакторда «Бейне карта порттарының салыстырмалы жылдамдық сипаттамалары» немесе «Бейне карталарды қосуға арналған аналық тақшалардың кеңейту слоттарының (ағытпалар) жылдамдық сипаттамалары» кестесін рəсімдеңдер.
Бейнекартаны қосу жөнінде электрондық фотоальбом-нұсқаулықты жасаңдар.
Бейнекарталармен жұмыс істеуге арналған бұрын ұсынылған бағдарламалардан бағдарламаны таңдаңдар, Интернет-ресурстарды қолданып, бағдарламаны сипаттаңдар. Бағдарлама туралы ақпаратты мəтіндік құжатта сақтаңдар: бағдарламаның атауы, нұсқасы, шығарылған немесе жаңартылған жылы, платформа (ОЖ), лицензия, орнату түрі (портативтік, толық, таңдаулы жəне т.б.), көлем, автор немесе өндірушінің сайты, бағдарламаның мүмкіндіктері.