Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет60/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99

Сканерді қолдану


Əрбір қолдану саласында өзіндік екіпіні бар жəне бұл жүйенің сипаттамаларына байланысты:
■ үстел баспа жүйелері (суреттерді, диаграммаларды, фотосуреттерді сканерлейді). Бұл жағдайда сканерлер түсті болуы тиіс, ажыратылымдылық қабілеті жоғары, оптикалық тығыздық диапазоны кең, беретін түстерінің саны 16777216 (бір нүктеге 24 бит– əр түске 8 бит RGB) жəне т.б.;
■ құжаттарды өңдеу жүйелері(сканермен бірге нышандарды оптикалық тану пакеті сіздің компьютеріңізді мəтінді «оқуға», пернетақтадан енгізуге жұмсалатын уақытыңызды үнемдеуге үйретеді). Осы мақсатта қолданылатын сканерлер түсті болмауы тиіс, себебі мəтінді сканерлеу үшін екі деңгейді ғана – ақ жəне қараны тіркеу қажет (1 бит нүктесінің тереңдігі), жоғары ажыратылымдылықтың қабілеттері де мұндай болмайды, сканердің құны елеулі кемиді;
■ автоматты жобалау жүйесі (АЖЖ) – (сканер + + векторлау бағдарламасы оларды əрі қарай автоматты жобалау пакеттерінде қолдану үшін сызбаларды енгізу үдерісін жеңілдетеді). Бұл жағдайда түсті сканерді қолданудыың қажеті жоқ, алайда қиғаш сызықтар сатының баспалдақтары сияқты көрініп тұрмағандай, ажыратылымдылық қабілеті жоғары болуы тиіс;
■ компьютерлік анимация жүйелері. Бұл жағдайда барлық қолдану саласын, енгізілетін бейнекөріністердің жақсы сапасын қамтамасыз ететін жəне үш өлшемді дене проекцияларын енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, жобалау сканерлері алады;
■ ақпаратты тарату жүйелері (факс-модем + сканер = = факс машина). Сканерге қажетті сипаттамалар сіздің факс- модеміңізге толығымен байланысты (берілетін түстердің саны, оптикалық тығыздық диапазоны, ажыратылымдылық қабілет);
■ биометрикалық жүйелер – сканер адамның белгілі биологиялық параметрін оқиды. Əрі қарай ол алынған бейнекөріністі немесе дыбысты цифрлік кодқа түрлендіріп, өңдейді. Дəл осы кліт адамды сəйкестендіру үшін арнайы база деректерінің мазмұнымен салыстырылады;
■ саусақтың ізі бойынша сəйкестендіру үшін HP фирмасының ноутбуктарында қолданылады.

Сканермен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар


Мəтінді тану бағдарламалары қайтадан бастыру қажеттілігінсіз электрондық құжаттардың көрінісін жəне PDF-файлдарды жылдам жəне дəл түзетілетін форматтарға ауыстыруға, сондай-ақ цифрлік фотоаппараттардан ақпараттарды тануға мүмкіндік береді: ABBYY FineReader, CuneiForm.
Жеңілдетілген бағдарламалар: ScanLite, WinScan2PDF, СканКорректор, Softi Scan to PDF, WinScan2PDF, Скан Корректор А4, Readiris Pro 11, VueScan, Scan to PDF, A4ScanDoc, ScanTailor, PaperScan Free.
CloudScan бағдаралмасы желіде сканермен жұмыс істеуге арналған тегін қосымша болып табылады, барлық желіге бір сканер жеткілікті. CloudScan бағдарламасы Mac, PC, iPhone, iPad, Android смартфондарымен құжаттар мен фотосуреттерді сканерлеуге мүмкіндік береді.
RemoteScan, BlindScannerPro, Graphtec Network Utility бағдарламасы желілік сканермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3d-сканерлерге арналған бағдарламалар: PhotomodelerScanner, PolygonEditionTool, VxScan, RapidForm, GeomagicStudio.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет