Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет61/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   99

Сканерді қосу


Сканердің аппараттық интерфейсі (деректерді беру интерфейсі) сканер жəне компьютер арасындағы ақпаратты алмасуды қамтамасыз етеді. Одан компьютер мен сканер арасындағы деректерді беру жылдамдығы байланысты болады. Егер сканерленген фотосуреттер немесе қандай да бір басқа графикалық материалдардың жоғары сапасы қажет болса, бұл сипаттама өте маңызды болуы мүмкін. Тиісінше, егер сканер жəне компьютер арасындағы деректерді беру жылдамдығы төмен болса, онда нəтижені ұзақ күтуге тура келеді. Қазіргі кезде нарықта келесі интерфейс типті сканерлер ұсынылады:

  1. Интерфейс LPT (стандартты параллель порты). Бұл интерфейс баяулардың бірі жəне жаңа жабдықта кездесе бермейді. Ондай жағдайда орнату кезінде мəселелер туындауы мүмкін, себебі барлық компьтерлер осындай порттармен жабдықталмаған. LPT интерфейсі бар сканерлерде əрқашан «өтпелі порт» болады, яғни сканер LPT- портты жалғыз қолданылмайды, ол тағы бір құрылғыны қосуға мүмкіндік береді (əдетте осындай құрылғы принтер болуы мүмкін).

  2. Өзіндік интерфейс. Оны кейде ISA деп атайды. Мұндай интерфейс, сканер жұмыс істей алатын, жеке карта ретінде сатылады. Мұндай карталар бірегей, соныдқатн ауыстырған кезде мəселелер туындауы мүмкін.

  3. SCSI-интерфейсі – деректерді беру интерфейстердің ең жылдам нұсқаларының бірі. Алайда сканермен бірге SCSI-карта жеткізілмейтін болса, онда басқа SCSI контроллермен үйлесу мəселесі туындауы мүмкін. Егер сканерді жеткізу жиынтығына өз картасы енгізілген болса, онда сканерді қосу мен қолдану мəселе туындатпайды.

  4. USB интерфейсі. USB-сканердің құнытөмен, ал осы интерфейстің өнімділігі параллель портқа қарағанда, неғұрлым жоғары, алайда кейбір сканерлер зарядтауды USB-ден жүзеге асырады жəне оларда желіге қосылатын өзіндік қоректену блогы болмайды.

  5. FireWire (IEEE 1394) интерфейсі арқылы сканерді компьютерге қосу мүмкіндігі – деректерді берудің тізбекті жылдамдығы жоғары интерфейс (400 Мбит/с тарату жылдамдығы). Ол сканерді компьютерге қосу үшін қолданыла алады.

  6. Сканерді Wi-Fi интерфейсі арқылы басқа құрылғыларға қосу мүмкіншілігі. Wi-Fi (IEEE 802.11b/g) – түйіспесіз байланыстың стандарты, үй жəне кеңседе түйіспесіз желіні құру үшін қолданылады. Егер сіз түйіспесіз желіні қолдансаңдар, онда Wi-Fi барсканер желілік сканерге айналады, яғни желінің барлық пайдаланушылары оны қолдана алады. Сонымен бірге сканеді кабельдің көмегімен желіге қосу қажет болмайды.

  7. Сканерде Ethernet (RJ-45) интерфейсінің бар болуы. Ethernet – компьютерлік желілерде деректерді берудің кең таралған технологиясы. Барлық қаманауи компьютерлер Ethernet интерфейсімен жабдықталған. Сканерлерде Ethernet интерфейсі ретінде əдетте RJ-45 ағытпасы бар Ethernet 10/100BASE-T қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет