Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет80/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖІБЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ

ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ


Компьютерлік коммуникациялар бір компьютерден екіншіге деректерді қашықтықтан жіберуге қызмет етеді жəне телекоммуникацияның перспективті түрі болып табылады. Олар беру, алу мүмкіндіктерін қана емес, сонымен қатар ақпаратты сақтау мен өндеуге мүмкіндік береді.
Бір компьютерден екінші компьютерге ақпаратты беру мəселесі компьютерлерді желіге қосқанда жеңілдейді.
Компьютерлік желі – бұл ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ететін, модем, байланыс желісі жəне бағдарламалар көмегімен жалғасқан компьютерлердің жиынтығы.
Компьютерлік желілер жергілікті жəне таратылған (жаһандық жəне аумақтық) болып бөлінеді.
Жергілікті желі бір бөлмеде, ғимаратта немесе көршілес ғимараттарда орналасқан компьютерлерді біріктіреді.
Таратылған желілер – қаланың əртүрлі бөліктерінде, əртүрлі қалаларда жəне елдерде орналасқан компьютерлер. Дүниежүзілік ауқымды таратылған желілерді жаһандық деп атайды. Ең əйгілі жаһандық желі Интернет болып табылады. Аумақтық желілер, əдетте, кейбір жаһандық желінің бөлігі болып табылады, олар əртүрлі қалалар мен облыстарды біріктіреді.

Желілік кабельді сығу


Жергілікті желіні дұрыс құру үшін еселі қосақтағы ағытпаларды сығу туралы білу қажет. Жергілікті желілерді деректерді берудің физикалық ортасы ретінде қолданады, экрандалған жəне экрандалмаған есулі қосақ негізінде, тиісінше тиісті түрі (STP үшін) немесе категориясы бар (UTP үшін)STP (Shielded Twisted Pair) жəне UTP (Unshielded Twisted Pair). Желіні құру үшін əртүрлі технологияларды қолданады (11.1 кесте).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет