Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет77/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

КОМПЬЮТЕРДІҢ
КОНФИГУРАЦИЯСЫ
Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Интернет қосылған компьютер, бағдарламалар пакеті.
Тапсырмалар
http://sysinfo-detector.ru/сайтынанSysInfo Detector RE бағдарламасын жүктеңдер жəне оны орнатыңдар. Копьютеріңіздің конфигурациясы туралы ақпаратты зерттендер. Құрылғылардың модельдерін анықтаңдар, қуат көзі, датчиктерініңкөрсеткіштерін, құрауыштар мен желдеткіштердің айналу температурасын ескеріңдер. Орнатылған бағдарламалық жасақтаманың тізімін белгілеңдер. БЖ-ға лицензия, операциялы жүйенің баптаулары мен іске қосылған үдерістердің тізімі туралы ақпаратты алыңдар. Компьютердің конфигурациясы туралы алынған ақпарат бойынша конфигурацияның қандай типіне жататының анықтандар: оқу, кеңсе, ойын, кəсіби.
Белгілі міндеттерді шешуге арналған компьютердің аппараттық конфигурациясын таңдаңдар: орташа санатты ойын конфигурациясы – http://www.fcenter.ru/sb_config,компьютердің конфигурациясын
құрастырған кезде түсінік беретін сөздерге назар аударындар. Алынған деректерді кесте редакторына құрастырылған конфигурацияның қорытынды соммасымен жазып алыңдар.

МОБИЛЬДІК КОМПЬЮТЕРЛЕР


Мобильдік компьютер – бұл батареядан жұмыс істеуге мүмкіншіліг бар, тасымалы (таситын) есептеуіш құрылғы, оны өзімен алып жүруге болады.
Мобильдік ДК-дің үш негізгі түрі бар: ноутбуктар, планшетті ДК-лер жəне шағын-компьютерлер. Кең таралғаны ноутбуктар.
Мобильдік ДК-лер үшін Windows ОЖ ерекше нұсқасы қажет емес. Оларда үстел компьютерлеріне қолданылатын бағдарламаларды қолдануға болады.
Мобильдік компьютерлердің артықшылықатырының бірі түйіспесіз байланыс көмегімен Интернетке қосу мүмкіншілігі болып табылады. Яғни Интернетке жол жүріп бара жатып, кафеде, кітапханада, саябақта жəне т.б. отырып қосылуға болады дегенді білдіреді.

Пайдалану шарттары


Ноутбукты пайдалану өндіруші ұсынған жағдайларда ғана рұқсат беріледі (тиісті пайдалану температурасы, сақтау температурасы, салыстырмалы ылғалдылық, теңіз деңгейінен биіктігі жəне т.б.).
Ұсынылған температуралы режимдер жəне ноутбуктың қоршаған ортасының ылғалдылығы:
■ пайдалануға арналған температуралық диапазон – 10-нан 35 °C- қа дейін;
■ сақтауға арналған температуралық диапазон –-25 °C-тан +45 °C- қа дейін;
■ салыстырмалы ылғалдылық – 20-дан 80 %-қа дейін, конденсатталмайтын.
Ыстықта ноутбуктер тез қызиды, əдетте қызып кететін элементтерімен электроника төзбейді. Салқындату үшін салқындатуға арналған желдеткіштері бар арнайы тұғырлан сатылады. Ноутбукты диван немесе керует сияқты жұмсақ жазықтықта ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды. Бұл көптеген ноутбуктар ішкі құрауыштарын салқындату үшін ауаның негізгі салмағын түбіндегі тіліктер жəне саңылаулар арқылы соратындығымен байланысты. Егер оларды жауып қойса, онда ноутбук процессорды қыздырудан қорғау іске қосылғанға дейін қатты қызитын болады. Ол іске қосылғанда ноутбук сөніп қалады. Ноутбукты оған күн сəулесі тура түсіп тұрғанда пайдалануға немесе сақтауға тыйым салынады, күн сəулелері монитордың матрицасының кристалдарына тері əсер тигізеді.
Температуралардың ауысуы да қауіпті. Қыста, «салқыннан» тасымалдағаннан кейін жылы бөлмеде жұмыс істеуді бастар алдында ноутбукқа климатқа бейімделу үшін уақыт беру қажет: мұндай жағдайларда корпустың ішінде конденсат түзіледі, ол аналық тақшаның тоқ өткізгіш жолдарының түйықталуы мен тот басуына əкеледі. Климатқа бейімделуге қажетті уақыт – үш сағаттан кем емес.
Ноутбукқа қатты электрмагниттік сəуле көздері əсер тигізеді, сондықтан қуатты электр аспаптарға көршілес орнату ұсынылмайды. Сонымен қатар ноутбукты сілкініс пен соққылардан қорғау қажет, себебі бұл ішкі құрылғылар (қатқыл диск) жəне сыртқы түріне əсер тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет