Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет94/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99
Байланысты:
прак тЧащина Дербес компьтерлердің, серверлердің, перифериялық құрылғылардың, жабдықтар

Тапсырмалар



  1. Басып шығарылған бетте толтыруға жəне жеке картриджді қалпына келтіруге сілтейтін ақауларды таңдаңдар. Басып шығарылған беттегі ақаулар: парақтағы кір, ақшыл баспа, ақшыл жолақ, парақ бойынша қайталанатын кір дақ, парақтағы жіңішке кір жолақтар, толығымен қара бет, мəтін (бейне) қолмен бұзылады, парақты бойлай қара үзік-үзік жолақ, фонмен басып шығарады, парақта дақтармен басып шығарады, таза бет, əрен көрінетін мəтін (бейне).

  2. Мына ақпаратты қолданып, картриджді қалпына келтіру үдерісінің реттілігін жазып алыңдар:

а) картридждің қаптамасы;
б) тозған бөлшекті ауыстыру (магнитті білік, заряд аунақшасы, ракель, фотобарабан, тығыздағыштар, Doctor Blade);
в) графикалық тонермен толтыру; г) картриджді диагностикалау;
д) тонердің қалдықтарынан тазалау;
е) картриджді құрастыру;
ж) тонер-бункерді герметикалау;
з) шығудың сапасын бақылау;
и) картриджі бөлшектеу.

Тəжірибелік тапсырмалар



  1. Интернет-ресурстарды қолданып, «Принтерге арналған қағаз» таныстырылымын жасаңдар, түрін, пайдалану мақсатын, сипаттамаларын көрсетіңдер: тығыздығы, қалындығы, қаттылығы, бұдырлығы, ақшылдығы, мөлдірсіздігі, Деннисон бойынша беттің беріктігі, бетінің суды сіңіруі, кеуектілігі, қоқыстығы, ылғалдылығы, құрамындағы күлі, баспа кезінде шаң шығаруы, абразивтілігі, парақтардың форматы, қораптағы парақтардың саны.

  2. Интернет-ресурстарды қолданып, мəтіндік редакторда «Оптикалық тасымалдағыштар» кестесін жасаңдар, мұнда Blu-Ray, DVD, CD, кəсіби оптикалық дискілер жəне басқа ақпарат тасымалдағыштардың салыстырмалы сипаттамаларын көрсетіңдер.

Интернет-ресурстарды қолданып, «Картридждерді толтырушының жұмыс орны» таныстырылымын жасаңдар, жабдықтар мен құрал- саймандарды көрсетіңдер: картридждерді тазалау стансалары; белсенді сорғысы бар картридждерді құрастыру жəне бөлшектеу үшін арнайы жиһазды; картридждерге арналған арнайы құрал-саймандар мен айлабұйымдарды; тонерлік шаңсорғышты; жоғары қысымды ауа ағынымен

  1. картридждерді тазалау үшін компрессор; тонердің мөлшерлегіші; картридждерді бағдарламалағыш.

  2. Интернет-ресурстарды қолданып, HP LaserJet Enterprise P3015dn принтеріне түпнұсқа жəне үйлесімді жабдық туралы ақпаратты табыңдар: картридждің маркалануы, тонердің маркалануы, бағдарламалағыш, картриджді толтыру жөніндегі нұсқаулы. Картридж құрауыштарының үйлесімділігі: заряд аунақшасы, барабан, ракель, мөлшерлегіш жүз, магнит білігінің қабықшасы, чип.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет