Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»



бет91/99
Дата08.12.2022
өлшемі7,51 Mb.
#55788
түріПрактикум
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   99
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Фотоаппарат, компьютер, драйвер, стенд принтері жəне КФҚ, шаңсорғыш, респиратор, крест тəрізді жəне жалпақ бұрағыш.
Тазалағыш құралдар. Platenclene 100 ml/баллон тазалағыш, XEROXFORMULA A, спирт, қылқалам, сұлық жəне мақта таяқшалары, сығылдған ауасы бар баллон. Molykote фирмасының майлағыш материалдары.
Тапсырмалар

Баспа құрығыларын респиратор киіп тазалау қажет. Принтер/КФҚ негізгі тораптарға бөлшектеңдер. Құрылғыны бөлшектеудің əрбір қадамын суретке түсіріп алыңдар. Қағазды жіберетін тракты тазалаңдар: жіберетін аунақшалардың бөлшектеңдер; Platenclene тазалағыш құралмен жіберу аунақшаларын жуыңдар/тазалаңдар; XEROX FORMULA A тазалағыш құралмен тежеуіш алаңдарын тазалаңдар; мақта таяқшаларымен фотодатчиктерді тазалаңдар; қалған бөлшектерін сұлықтармен тазалаңдар. Мақта таяқшаларымен редукторды тазалаңдар. Термоблокты тазалаңдар: тефлон білігін, қысқыш білігін, қағаз бөлімін, термодатчикті.
Лазер блогының оптикалық жүйесін тазаландар. Бұл үшін жартылай бөлшектеуді, линзалар мен айналарды шаңнан тазалауды, бағыттауыш оптикалық жүйені майлауды, сүзгі мен экспозиция шыныларын тазалауды жүзеге асыру қажет.
Майды ауыстырған кезде Molykote фирмасының майлағыш
материалдарын қолдану ұсынылады: тонер-картридждің тісті берілісінде – Molykote EM-50L; қағазды беру жəне түсірудің тісті берілісінде – Molykote EM-30L, Molykote EM-50L; термороликтер мен мойынтіректерде – Molykote HP-870; қағазды беру жəне жүктеу үшін бағыттауыш механизмдерде – Molykote PD-910; қағазды жылжытуға арналған жетекте – Molykote EM-30L; бір жақты қысқышта, бұраушы кезең шектеушісінде – Molykote DX Paste.
Бұдан əрі корпус бөлшектерін жуу қажет. Содан кейін принтер/КФҚ құрастырады. Принтерді жүйелі блокқа қосып, драйверді орнатады. Принтерді тексеріндер (баспаның сынама беті).

ШЫҒЫС МАТЕРИАЛДАРЫ


Шығыс материалдарға тонерлер, картридждерді толтыруға арналған сиялар, жуатын сұйықтықтың əртүрлі түрлері, сұлықтар мен тампондар кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет