2.5 кестесі бойынша жүйелі блок өндірушісінің сипат тізімін шифрын ажыратыңдар:
а) ҚБ-сыз, 4 x USB 2.0, eSATA, FireWire, Audio терезесімен, Lian Li
PC-888U Blue ATX, mATX, Full-Tower корпусы;
б) ҚБ-сыз, 4 x USB 3.0, FireWire, Audio терезесімен, Silverstone
Temjin TJ07B-W Black E-ATX, ATX, mATX, Full-Tower қаңқасы;
в) 2 x USB 3.0, Audio терезесімен, Ascot 6HM6 Cougar Challenger 750W Black ATX, mATX, Midi-Tower, 750 Вт қаңқасы.
2.5.кесте. Жүйелі блоктың қаңқасын өндірушінің сипаттізімі
Кез келген редакторда жүйелі блоктың қаңқасын (қаңқаның түрі кез келген) алдынғы жəне артқы панельдерін ашық түрде бейнелеңдер. Жабдықты орнату үшін негізгі құрастыру элементтерін жазып алындар.
Интернет-ресурстарды қолдана отырып, «Жүйелі блоктың тарихы» тақырыбына таныстырылым жасаңдар.
Аудиториядан тыс өзіндік жұмысы
Жүйелі блокты ауыстырудың негізгі себептерін анықтаңдар.
Жүйелі блокты пайдаланудың негізгі талаптарын сипаттаңдар.
Қоректендіру блоктың қуатын есептеуді жүзеге асыратын, сайттардың тізімін жасаңдар.
http://www.ichip.ruсайты туралы хабарлама жасаңдар.
Жүйелі блокты ірі өндірушісі туралы хабарлама жасаңдар.
Жүйелі блоктағы жалғанатын жабдықтардың толық тізімін жасаңдар.
Жүйелі блокты жылытатын құрылғылардың жанына неге қоюға болмайтынын түсіндіріңдер.
ОС Windows платформасында жұмыс істемейтін, тестілейтін бағдарламалардың атауларын анықтаңдар.
4 - тəжірибелік жұмыс Т а қ ы р ы п : ДК ҚҰРАУШЫЛАРЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ТЕСТІЛЕУ. ҚОРЕКТЕНДІРУ БЛОГЫНЫҢ ҚУАТЫН ЕСЕПТЕУ. КОМПЬЮТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЖАБДЫҒЫН ҚОСУ ЖƏНЕ ПАЙДАЛАНУ Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. БЖ-сы бар компьютер,зертхана жабдығы.
Жүйелі блокқа барлық перифериялық құрылғыларды жалғаңдар. Іске қосып барлық құрылғылардың жұмыс жарамдылығын тексеріңдер.
2.6 кестені толтырыңдар. Аналық платаға сыртқы құрылғыларды жалғаудың жалғағыштары (порттар) ( 2.1 сур.).