Бұл бағдарламалар енгізу-шығару базалық жүйесімен жұмыс істеу үшін арналған: CTBIOS – аналық тақша өндірушісін анықтау; TweakBIOS аналық тақшаның чипсетін, орталық процессордың жəне бейнекартаның жұмысын оңтайландыру үшін арналған; кейде аналық тақшалардың BIOS –да көрсетілмеген реттеулерге кіруді ұсынады, тура операциялық жүйеден BIOS-ты өзгертуге мүмкіндік береді; UniFlash – аналық тақшаларға арналған BIOS-тың əмбебап тігуді; эмулятор BIOS (Emulator Bios) – BIOS бойынша жаңадан бастаушыларға арналған тренажер; The BIOS Agent – BIOS туралы, сондай-ақ CPU, чипсет, жедел жады конфигурациясы туралы ақпаратты көрсетеді, жəне BIOS жаңартуға мүмкіндік береді.
Аккумуляторлық батареяны орнату
Батарея – бұл алуан түрлі құрылғыларды автономды қоректендіруге арналған электр қорек көзінің атауы. Жалғыз гальвани элементі түрінде немесе кернеуді немесе сыйымдылықты ұлғайту үшін олардың батареяға жалғасуын ұсынуы мүмкін (2.3 сур.).
Батареяны əртүрлі тəсілдермен суырып алуға болады (2.4 сур), абайлау қажет жəне шамадан тыс күш салу қажет емес. Осындай батареялар компьютерлерден басқа, тағы да басқа аппаратурада қолданылады. CR 2032 ретінде белгіленеді – кернеуі 3 В. Өндірушісі маңызды емес. Батареяны орнатқаннан кейін тиісті пернені басып (жиі Del, кейде F1) UEFI (BIOS) кіру қажет жəне қажетті мəндерді қояды, ең алдымен жүйелік уақытты қояды.
2.4 .сур. Аналық тақшаның ағытпасынан батареяны суырып алу