Тербеліс мойынтірегі (ball bearings)–екі сақина жəне олардың арасындағы кішкене шарлардан тұратын, білікке кигізілген
«классикалық»мойынтірек. Компьютерлік желдеткіштердің тербеліс мойынтіректері əркезде жабық типті жəне қозғалатын ішкі кішкенен шарларға тура қол жетімділік жоқ. Мұндай мойынтіректерді қалын маймен майлау қажет. Осындай мойынтіректердің майын əдетте өндірушілер қызмет көрсетудің барлық мерзіміне жағып қояды, егер де оны істемеген болса, мұндай мойынтіректі майлау өте қиынға соғады. Ашық тербеліс мойынтіректеріне арналған майлағыш материалды таңдаған кезде үздік шешім Molykote G-4500 пластикалық майлағыш болып табылады
Тақырып: ULTRAISO БАҒДАРЛАМАСЫНДА
Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Интернет қосылған компьютер, флэш – жинақтауыш.
Тапсырмалар
Қатқыл дискіге операциялық жүйенің бейнесін жүктеп алыңдар. Флешканы USB ағытпасына орнатыңдар. Əкімшіліктің атынан UltraISO бағдарламасын іске қосыңдар. Флешкаға жазып оытратын, Windows операциялық жүйенің бейнесін ашыңдар (12.4 сур.). Windows бейнесі бар папканы ашындар, оны бөліп алып, Ашу батырмасына басыңдар. Өздігінен жүктеу мəзірінде «Қатқыл диск бейнесін жазып алу» тармағын таңдаңдар. Windowsбейнесі жазылатын флешканы таңдап алыңдар, жазу əдісі USB-HDD + . содан кейін Жазып алу батырмасын басындар (12.5 сур.). флешкадағы барлық ақпарат жойылады. Растандар жəне Иə батырмасын басыңдар. Бейнені флешкаға жазу үдерісі бірнеше минут уақытты алады.
12.4 .сур. UltraISO бағдарламаның терезесі
12.5 .сур. UltralSO бағдарламаның ақпаратын жазудың сұхбат терезесі
Жазып болғаннан кейін, жазу аяқталды деген жазба шығады. Флешкаға жүктеу сəтті жасалды.
30 – тəжірибелік жұмыс Тақырып: ДИАГНОСТИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНИКАНЫ ТЕСТІЛЕУ Жабдық жəне бағдарламалық жасақтама. Компьютер,PC-Wizard, SpeedFan, CPU-Z, Victoria, GPU-Z, HWMonitor, Speccy, CrystalDiskInfo,
Nokia Monitor Test, Memtest86+ диагностикалық бағдарламалар.
Тапсырмалар
PC-Wizard, SpeedFan, CPU-Z, Victoria, GPU-Z, HWMonitor, Speccy,
CrystalDiskInfo, Nokia Monitor Test, Memtest86+ диагностикалау бағдарламаларын орнатыңдар. Əр бағдарламамен компьютерді тестілеңдер. Олардың мүмкіншіліктерін анықтандар жəне алынған ақпаратты «Диагностикалық бағдарламалар» мəтіндік файлына жазып алыңдар.
Тақырып: БАСПА ТЕХНИКАҒА