Практикум «Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтаманың баптаушысы»


ҚАЗІРГІ ЗАМАН КОМПЬЮТЕРЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ



бет11/98
Дата15.12.2023
өлшемі0,62 Mb.
#139463
түріПрактикум
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   98

ҚАЗІРГІ ЗАМАН КОМПЬЮТЕРЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Кəсіби қызметте дербес компьютерлерді (ДК) пайдаланудың себептері көптеген жəне мақсаттары мен шешілетін міндеттеріне байланысты маманның жұмыс орынын автоматтандыру үшін компьютердің белгілі түрі таңдалады.


2.1. ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ

МƏЛІМЕТТЕР


Ақпараттандырудың заманауи техникалық құралдарын компьютер оның негізгі құрылғылары, сондай-ақ қосымша немесе перифериялық құрылғыларынан тұратын ақпараттық-есептеуіш кешен түрінде ұсынуға болады.


Жүйелі блокта орналасатын дербес компьютердің негізгі құрылғылар қатарына аналық плата, процессор, жедел жад, видеокарта, дыбыстық карта, ақпаратты бейнелеу құрылғысы кіреді.

Тəжірибелік тапсырмалар



  1. Мəтіндік редакторды қолдана отырып, компьютердің операциялық жүйесінен алынған мəліметтерді қолданып, бағдарламалық жəне ақпараттық жасақтаманың тізімін құрастырыңдар. Файлды өз папкаңызда сақтап, оның өлшемін анықтаңдар.


  2. «Компьютердің негізгі құрылымдары», «Компьютердің негізгі сипаттамалары» тақырыптарына таныстырылымдарды жасаңдар. Таныстырылымдарды тиісті папкада сақтап, өлшемін анықтаңдар.




Аудиториядан тыс өзіндік жұмысы

1.Биокомпьютерлердің дамуындағы негізгі бағыттарды анықтаңдар.


2.Пайдалану шарттары бойынша компьютерлердің жіктеуін сипаттаңдар.
3.Компьютердің бағдарламалық жəне аппараттық жасақтамасына онлайн-тексеруді жүзеге асыратын, сайттардың тізімін жасаңдар.
4.Компьютердің аппаратурасын тестілеуге арналған арнайы бағдарламалардың тізімін жасаңдар.
5.http://www.overlockers.ru сайты туралы хабарлама жасаңдар.
6.Компьютер жабдықтарының қақтығыс себептерін түсіндіріңдер.
7. «Жабдық моддингі» ұғымын түсіндіріңдер.
8.Қазіргі заманда ақпараттың көлемінің өсу себептерін түсіндіріңдер.
9.Істен шыққан сканерлерді, желі жабдықтарын тіркейтін кестені жасаңдар жəне толтырыңдар.
10.Software-audit-free немесе Total Network Inventory бағдарламаның негізгі мүмкіншіліктерін анықтаңдар.
11.Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтама баптаушының жұмысында Snitch сияқты бағдарлама не үшін қажет, түсіндіріңдер.
12.«Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтама баптаушысының жабдығы» тақырыбына кроссворд құрыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет