Автоматтандырылған жұмыс орынның негізгі құрамына не кіреді?
Автоматтандырылған жұмыс орын мобильділіктен қандай айырмашылығы бар?
Баптаушыда қандай мамандандырылған жұмыс орындар болуы мүмкін?
Нұсқаулықтар қандай негізгі ережелерден тұрады?
Тəжірибелік сабаққа арналған тапсырмалар
Интернет-ресурстарын қолдана отырып, дербес компьютер- мен, серверлермен, перифериялық жабдықтармен жəне компьютер- лік кеңсе техникасымен жұмыс жасаған кезде орнату, пайдалану жəне еңбекті қорғау жөнінде барлық қажетті нормативтік құжаттар- ды құрастырындар жəне жинаңдар.
Аппараттық жəне бағдарламалық жасақтама баптаушысының лауазымдық нұсқаулығын құрыңдар.
Баптаушының автоматтандырылған жұмыс орнын сұлба түрінде көрсетіңдер.
Тестілеуді орындаңдар.
Жұмыс орынды ұйымдастырыңдар. Осы тəжірибелік жұмысты орындаған кезде қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етіңдер.
«1ТЖ» папкасын құрыңыз жəне сол папкаға Интернетте тапқан мəтіндік файлдарды сақтаңдар:
■ нормативтік құжаттар: «Дербес электрондық-есептеуіш машиналарға жəне жұмысты ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар СанЕжəнеН; қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтардың үлгілері (кіріспе жəне еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі жұмыс орында бастапқы танысу нұсқаулығы); информатика кабинетінде жұмыс істегенде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық; дербес электр- есептеуіш машиналарда жұмыс істеген кезде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық; техникалық оқыту құралдарын қолданған кезде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық; көшіру-көбейту машиналарында жұмыс істеген кезде еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық);
■ өрт сөндірудің бастапқы құралдары жəне нұсқаулықтар (мекемедегі өрт сөндіру құралдары; білім беру мекемесінде өрт туындаған жағдайда іс-əрекет тəртібі; өрт жағдайында ғимараттан адамдарды қауіпсіз жəне жылдам эвакуациялауды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық);
■ кабинетте немесе зертханада компьютерлерді, серверлерді, перифериялық жабдықтар мен компьютерлік кеңсе техникасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
■ тестерді (мультиметрді) жəне басқа диагностика жасайтын жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулық; баптаушының лауазымдық нұсқаулықтары.
Ұсынылған Интернет-ресурстарды, қысқаша теориялық жəне оқу- əдістемелік материалдарды зерттеп, тəжірибе жұмысының теориялық материалдарын бекітуге арналған сұрақтарға ауызша жауап беріңіздер.
Интернет-ресурстарды зерттеңіз жəне жарықтандыру, желдеткіш, орнатылған жабдықтарға қатысты жұмыс орындардың орналасуын, қашықтықты ескере отырып, жеке кабинеттегі аппараттық жəне бағдарламалық жасақтама баптаушысының автоматтандырылған жұмыс орынның негізгі құраушы элементтерін зерттеңіздер. Жиналған деректерді
Графикалық редакторда сұлбалы түрде жасап, «1ТЖ» папкасында «Автоматтандырылған жұмыс орны» файлында сақтаңдар.
Электрондық тестілеуді орындаңдар, алған нəтижесін скриншот түрінде мəтіндік файлда сақтандар – «1ТЖ есебі» атындағы есеп.
Достарыңызбен бөлісу: |