Практикум жоғары оқу орындарының атомдық және ядролық физика пәнінің типтік бағдарламасының типтік бағдарламасына сәйкес 9 бөлімнен тұрады



бет20/54
Дата06.12.2022
өлшемі2,08 Mb.
#55167
түріПрактикум
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
Электронның орбиталық импульс және орбиталық магниттік моменті
11. Сутегі атомындағы 1) s-күйде; 2) p-күйде тұрған электрон­ның орбиталық қозғалысының импульс моментін есептеңіз.
12. Сутегі атомындағы электронның орбиталық импульс моментінің сыртқы магнит өрісі бағытына проекциясының мүмкін мәндерін анықтаңыз. Электрон d-күйде тұр.
13. Алғашында негізгі күйде тұрған сутегі атомы энергиясы ε = 10,2 эВ жарық квантын жұтады. Электронның орбиталық қозғалысының ΔLl импульс моментінің өзгерісін анықтаңыз. Қозған атомда электрон p-күйде болады.
14. Бас кванттық саны n = 4-ке тең электронның сутегі атомында бола алатын күйлерінің спектроскопиялық белгіленулерін жа­зыңыз.
15. Сутегі атомындағы электронның орбиталық қозғалысының Ll импульс моменті – 1,83 10-34 Джс. Электронның орбиталық қозғалысынан пайда болатын µe магниттік моментті анықтаңыз.
16. Сутегі атомында 2p-күйде тұрған электронның Е толық энергиясын, Ll орбиталық импульс моментін және µe магниттік моментін есептеңіз.
Электронның спиндік импульс моменті және спиндік магниттік моменті
17. Электронның спиндік импульс моментін LS және осы мо­менттің сыртқы өріс бағытына LSZ проекциясын есептеңіз.
18. Электронның спиндік магниттік моментін µS және осы моменттің сыртқы өріс бағытына µSZ проекциясын есептеңіз.
19. Жылдамдығы υ = 0,6 км/с күміс атомдары жіңішке саңылау арқылы өткізіліп, біртекті емес магнит өрісінің индукция сызықтарына перпендикуляр бағытталады (Штерн және Герлах тәжірибесі). Ұзындығы l = 6 см өрісте атомдық шоқ екіге жікте­леді. Жіктелген шоқ құраушыларының өрістен шыққандағы арақа­шықтығы b = 3 мм болатын магнит өрісінің біртекті еместігінің дәрежесін анықтаңыз.
20. Штерн және Герлах тәжірибесінде сутегі атомдарының жіңіш­ке шоғы ұзындығы l = 8 см көлденең біртекті емес (
= 2кТл/м) магнит өрісі арқылы өткізіледі. Сутегі атомдарының жылдамдығы – υ = 4 км/с. Атомдар шоғының магнит өрісінен шыққанда жіктелген құраушыларының b арақашықтығын анықтаңыз. Шоқтағы сутегі атомдары негізгі күйде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет