Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет13/28
Дата08.04.2023
өлшемі112,64 Kb.
#80581
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Практикум по возрастной и педагогической психологии под ред. А

Тітіркендіргіштер

Рефлекстер

Жарықтың түсуі
Баланың бас жағына қолын бұлғау
Баланың басын оңға бұру
Шынтақтарын жан-жаққа тарту
Баланың алақанына саусағын қысу

Көз жұмылады
Көзі жұмылады

Иегі көтеріледі, оң қолын көтереді, сол қолы майысады.


Қолдары тез майысады


Бала қолдары тез жұмылып ашылады.



Баланың миының қалыпты жетілуіне әсер ететін бірден бір шарт- ол анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Оның ішінде дәм сезу (1-2 күндік бала ащыға қарағанда тәттіні жақсы көреді), иіс сезу (әр түрлі иіске басын бұрады, оның дем алуы мен жүрек қағысы өзгереді), дыбыс естуі (1 апталық бала анасының дауысын естиді), көру анализаторының қалыптасуы (2 айлық кезде анасын көргенде, бала көңілденіп күледі). Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайында болса, онда оның дамуы баяулайды. Бұл кезде даму ерекшелігі, баланың денесінің дамуына қарағанда анализаторлардың іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, осыған байланысты түрлі шартты рефлекстік байланыстар жасалады


Өмірінің бірінші айының соңында алғашқы шартты рефлекстер көрінеді. Көбінесе бала, тамақтану ыңғайына реакция көрсете бастайды: анасы қолға алғанда емшек іздеуі, көтергенде тынышталуы пайда болады. Тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекстер, тәулік мезгілін ажырату, жаңа туған балада ұйықтау және ояну сергектік кезеңдері ажыратылмаса, 2-3 айлық кезде олар мазмұнды, белсенді сипат алады
Нәрестенің түйсігі ажыратылмаған және эмоциямен байланысты. Баланың психикалық өміріндегі маңызды оқиға есту және көру түйсігінің шоғырлануы. Естудің шоғырлануы 2-3 аптада пайда болады. Тосын дыбыс, бала әрекетін тежейді, ол тоқтап тыңдайды. Соңынан 3-4 аптада осындай реакция адамның дауысына пайда болады.
Бала өмірге әлсіз және қауқарсыз болып келеді. Ол анасынан физикалық тұрғыда ажыратылғанымен биологиялық тұрғыда байланысты. Ол өзінің қажеттілігін дербес қанағаттандыра алмайды.
Нәресте оған қамқор болатын анасының дауысына еліктейді, оның бетін көріп көзін анасының жүзіне тоқатып қарайды, қолын созады, аяғын қозғалтады, қатты дыбыстар шығарады және күле бастайды. Бұл эмоционалды реакция жандану кешені деп аталады. Жандану кешені адамдық ерекшеліктерге ие- күлу, қарым-қатынасқа түсу қажеттілігін көрсету.
Жаңа туған бала-туған сәттен бір-екі айға дейін. Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры,сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады.Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші:сору рефлексі,қорғану және бағдарлау рефлекістері,сондай-ақ бір қатар арнайы қозғалыс рефлекістері,жармасу және сүйену рефлекстері,аттап басу және т.б жатады.Олардың бәрі баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады.Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауп қайтарады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық процестері мен қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді.Ол басын ұстауды,отыруды,еңбектеуді,ақырында,тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді. Үш-төрт айлық кезде жармасу қимылдары дами бастайды.Бала өзін қызықтырған жарқырауық затқа ұмтылады,оған қолын созады,ұстауға тырысады.Бұл тектес қимыл белсенділігінің орасан зор маңызы болоды. Солардың арқасында бана бірсыпыра қажетті қимыл дағдыларын үйренеді. Мұның үстіне заттардың қасиетіне практикалық икемделу бұл қасиеттердің көзбен көріп қабылдауда ерекшелене бастауына алып келеді.Егер бала бастапқыда қолын заттардың қасиеттеріне көптеген байқаулар арқылы ыңғайлап,сыртқы бағдарлау қимылдары интериоризацияланады-көріп қабылдауға ауысады.Жармасу әрекетінің қалыптасуымен қатар заттармен сілкілеу, тақылдату, лақтыру т.б тәрізді қарапайым қимылдар жасауда дамиды. Мұндай іс-әрекеттерді орындай отырып.бала нәрестенінің,заттардың толып жатқан қасиетерімен танысады. Нәресте үшін өткінші, өзгермелі әсерлер негізінде тұрақты,оған тәуелсіз заттардың болатыны байқалына бастайды. Қабылдау заттыққа және тұрақтылыққа ие болады. Нәрестелік шақтың соңына қарай балалар үлкендердің көптеген іс-әрекеттерін қайталап отырып, үлкен еліктеушілік көрсетеді. Бала дүниеге келген алғашқы бір жыл ішінде кеңістікте қозғалып, заттармен іс-әрекет жасауды үйрену арқылы елеулі табыстарға жетеді. Ол басын дұрыс ұстап, отырып, еңбектеп, тәй тұрып, қаз басуға үйренеді. Көзіне көрінген затқа ұмтылып, жармасады, ұстайды да, ақырында, оларды сілкілейді, лақтырады, кереуетке соққылайды. Осы іс-әрекеттердің бәрі адамға тән мінез-құлық формаларын біртіндеп игерудің баспалдақтары іспетті болады. Еңбектеу-баланың өздігінен бір жерден екінші жерге қозғалуының алғашқы түрі. Бақылаулар көрсеткендей, көпшілік балалар алғашқы жарты жылдың соңында, екінші жарты жылдың басында, әлдебір тартымды ойыншықты алуға тырысқанда еңбектей бастайды. Ілкіде пайда болған жер бауырлап еңбектеу кейін тізерлеп бауырын көтеріп еңбектеуге ауысады. Нәрестенің өмірі түгелдей үлкендерге тәуелді. Үлкендер сәбилердін табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады: тамақтандырады, шомылдырады , бір жағынан екінші жағына аударады. Үлкендер балалардың әр түрлі әсерленгіш қажеттілігін де қанағаттадырады: оны қолға алғанда сәби біраз көңілденіп қалады. Далаға шыққанда үлкендердің көмегімен бала көптеген заттарды байқайды, олардын қозғалғанын көруге, қолын тигізуге, содан кейін ұстауға мүмкіндік болады Негізгі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады. Баланың дамуында зор маңызы бар эмоционалдық қарым – қатынас қажеттілігі әрине, жағымсыз қылықтар жасауға да әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер үлкен адам үнемі баланың қасында болуға ұмытылса, онда бала осыған үйреніп кетеді де, үнемі оған назар аударады талап етеді, егер бір минуттай-ақ жалғыз қалса, ойыншықтарға көңіл аудармай жылайды.Үлкен адам мен баланың бірігіп қимыл жасауы үлкен адамның нәресте қимылын басқарумен, сондай –ақ сәби өзі орындай алмайтын іс-әрекетін атқару үшін үлкедерден жәрдем сұраумен сипатталады. Осы фактілердін бәрі нәрестелік шақ аяқталарда, үлкендердін көрсетіп, үйретуімен жасаған қимылдарын негізінде баланың қоршаған дүние туралы алғашқы ұғымы қалыптасатынын және осы дүниеде бағдарлануға мүмкіндік беретін және ерте сәбилік шақта жасалатын қоғамдық тәрбиенің әр түрін игеруге көшу үшін қажетті алғы шарттар болып табылатын қабылдау мен ойлаудын қарапайым формалары пайда болатынын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет