Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


дәріс. Сәбилік кезеңдегі психологиялық ерекшеліктер



бет14/28
Дата08.04.2023
өлшемі112,64 Kb.
#80581
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
7 дәріс. Сәбилік кезеңдегі психологиялық ерекшеліктер
Дәрістің мақсаты: Сәбилік кезең жасындағы балалардың психикалық дамуы жөнінде түсінік беру, Сәбилік кезеңнің басты ерекшеліктеріне тоқталу.
Дәрістің жоспар:
1. Сәбилік кезең туралы түсінік
2. Психикалық процестердің дамуының негізгі заңдылықтары.
3. Заттық іс-әрекет ерте балалықтың жетекші іс-әрекеті.
4. Сәбидің өзіндік «менін» өрістетуге ұмтылуы. Осы кезеңдегі дағдарыс.
Әдебиеттер тізімі:
1.Асеев В.Г. Возрастная психология.Иркутск.,1989.
2.Возрастная и педагогическая психология//Под ред.А.В.Петровского. М.,1986.
3.Гальперин П.Я.,Запорожец А.В.Актуальные проблемы возрастной психологии.-М.,1989.
4.Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-А.,1982.
5.Эльконин Д.Б. Детская психология.-М.,1960.
Сәбилік шақта (1-3 жас) Бала қарқында дами бастайды. Психикалық даму үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл-ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады. Бірінші себеп – баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп түрлі заттардың қасиеттерін, үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңстіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды. Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы. Үшінші себеп – баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі. Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.
Сәбилік шақтағы балалар алдымен затпен іс-әрекет жасайдыда, оның ойын кезіндегі мәнін кейін ұғады. Мұндай жағдайда бала бір заттың орнына қолданған сол заттың баламасымен нақты сол заттың өзіндей-ақ іс-әрекет жасауы тиіс. Әзірге олардың түсінің, формасының, көлемінің, материалының ұқсас болуы талап етілмейді. Сәбилік шақтағы балалар ойындарында кең жайылған рольдер болмасада рольдері бар ойындардың біртіндеп қалыптасуына алғышарттардын барын байқауға болды. Ойында заттардың баламасының пайда болуына байланысты балалар белгілі бір кісінің іс-әрекетін бейнелей бастайды.
Ең бірінші тану пайда болады. 4 айда бала таныс адамнан бейтаныс адамды ажырата алады. Танымдық процестермен қатар эмоционалды даму пайда болады. Дамудың бұл бағыты үлкендермен қарым-қатынаспен байланысты. 3-4 айда балада түрлі эмоционалды күй байқалады: тосын жағдайларға жауап ретінде таң қалу, физикалық қолайсыздық кезінде мазасыздану, қажеттілік қанағаттануда босаңсу.
Осы кезеңде ойлау көрнекі -әрекеттік деп аталады. Бұл Жан Пиаже бойынша “интеллектінің сенсомоторлылығы”. Үлкендермен біріккен іс-әрекетте бала түрлі заттармен әрекет ету тәсілін игереді. Ересектер оған қасық, кесені қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Ойлау практикалық іс-әрекет процесінде көрінеді. Осы кезеңде жетекші іс-әрекет – заттық-манипулятивті. Бала ойнап отырып манипуляция жасайды. Ерте балалық шақтың соңында сюжетпен ойнау көрінеді. Бұл режисерлік ойын деп аталады,бала заттарды ойын мағынасы қолданады. Адамның ойлауы ұғым арқылы және елестету арқылы болады. Балаларда ұғым қалыптасуы аз болғандықтан елестетіп ойлауы басым. Баланың ойлауының дамуы екі жағдайға байланысты өтеді. Бірінші, ойлау негізінде, яғни өзінің сезімдік тәжірбиесіне байланысты. Екінші, іс-әрекетке үйрететін, заттардың атын атап беретін, үлкендер әрекетіне байланысты. Сәби жасында нақты бейнелік ойлау кездеседі. Сәбилік кезеңде сөздік даму басталады. Бірінші жарты жылдықта дыбыстар шығара бастайды, уілдеу деп аталады.. 1 жастың соңына қарай бала 10-20 сөзді түсінеді, өзі бір немесе бірнеше сөзді айта бастайды. Нәрестелік сәбилік кезеңінің арасын 1 жас дағдарысы деп атайды. Дағдарыс дербестілікпен және аффективті реакциялардың көрінуімен байланысты. Аффективті тұтану үлкендер баланың тілегін, оның сөзін, оның жест және мимикасын түсінбеген кезде пайда болады. Өтпелі кезеңдегі басты меңгерім – бала сөзінің ерекшелігі, оны Л.С.Выготский автономды сөз деп атаған. Ол ерсектер сөзінен дыбыстық формасы, мағынасы бойынша ерекшеленеді.Баланың автономды сөзі тез қалыптасады және жоғалады. Балалар ана тілін меңгере отырып, фонетикалық және семантикалық жақтарын да игере бастайды. Сөздерді дұрыс айта бастайды, бала бұрмаланған сөздерді қолданбайды. 3 жаста тілдің негізгі дыбыстарын меңгереді. Ерте балалық шақта енжар (пассивный) сөздік қоры өседі. Екі жасқа қарай барлық сөздерді түсінеді. 2-3 жаста әңгімені түсіну пайда болады.
Ерте балалық шақта сөйлеумен қатар басқа да психикалық функциялар дамиды. Осы функциялардың ортасын қабылдау үстемдік етеді. Осы кезеңде белсенді қабылдауға ес қосылады. Көбінесе бұл тану, көрген нәрсесін және естігенін ырықсыз қайталайды. Осы жаста қабылдаудың маңызды сипаттамасы- оның аффективті бояуы. Бақыланған заттар баланы тартады, онда анық эмоционалды реакцияны шақырады. Қабылдаудың аффективті сипаты сенсомоторлы бірлікке алып келеді. Бала затты көреді, ол оны қызықтырады және осының арқасында- оны ұстауға ұмтылып, импульсивтті мінез-құлық пайда болады. Бұл бірлікті Л.С.Выготский былай сипаттайды: “Ерте балалық шақта тікелей әрекетке өтетін, қабылдаудың көрнекі аффективті бояуы үстемдік етеді”.
Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Бұл бала өмірінің неғұрлым қиын сәттерінің бірі. Өзінің “Менінің” бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау . Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский және оның ізінен Э.Келер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттеейді. Олардың біріншісі- негативизм. Бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы болуы да мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпта қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.
3 жас дағдарысының екінші сипаттамасы – қыңырлық (упрямство). Бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмтылуы.
Өтпелі кезеңде қырсықтық (строптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған.
Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.
Кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады. Мұны наразылық-бүлікші деп атайды.
Отбасында бір ғана бала болса деспотизм (шексіз билеушілік) көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді. 3 жас дағдарысының ең қызық сиапттамасы бағасыздану (обесценивание. ). 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді.
Балалардың өсіп келе жатқан мүмкіндіктерін кезінде байқап және олардың қажеттіліктерін іс-әрекеттің, үлкендермен қарым-қатынастың жаңа түрімен орындау арқылы дұрыс тәрбиелеген жағдайда, тәрбие берудің қиын кезеңі сөзсіз азаяды әрі ол жеңіл өтеді. Үш жастағы дағдарыс өтпелі құбылыс. Бірақ онымен байланысты пайда болатын жаңа құрылымдар өздерін басқа адамдармен салыстыру баланың жеке басының онан әрі қалыптасуына жағдай жасайтын психикалық дамудағы маңызды қадам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет