Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет3/30
Дата10.10.2022
өлшемі122,29 Kb.
#42100
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
дәріс

Байқау әдісі. Объективтік байқау әдісі деп – таңдамалы және жоспарлы түрде адамның психикалық әрекеттерін үйренішті жағдайларда зерттеп және психикалық әрекеттердің ағымына ешбір өзгерістер енгізбей сипаттауды айтамыз. Бұл әдіс психология ғылымының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс бойынша, зерттеуші адам, зерттелушінің әрекеттеріне ешбір қатыспай, тек қана оның қылықтарын, психикалық әрекеттерін сырттан байқап, жазып отырады.
Объективтік байқау әдісі ғылыми әдіс болу үшін, бірнеше шарттарды орындауы керек. Әр уақытта байқаудың алдында белгілі бір мақсат қойып, ол байқаудың көздеген міндеттерін және байқауды қалайша жүргізу керектігін ерте бастан белгілеу қажет. Байқауды жүргізбестен бұрын, жоспар жасап алып, онда байқаудың қалай жүргізілетіндігін ерте бастан толық түрде анықтап, белгілеп алған жөн. Байқау кездейсоқ болмай, бір жүйелі түрде жүргізіліп отырылғаны дұрыс. Байқау дәл және толық болу керек; бірақ байқаушы адам көзіне көрінгеннің, есіткенінің, сезгенінің барлығын байқау уақытында жаза берместен, байқауға керекті әрекеттерді ғана таңдайды, яғнм байқау таңдамалы болуы тиіс. Бұл өте көрнекті, сонымен бірге өте күрделі және жауапты жұмыс.
Байқау фотографиялы болуы шарт. Фотография заттарды, ол заттар тұрған жағдайларды бұлжытпастан барлығын объективтік қалпында суретке түсіреді. Сол сияқты байқаушы байқайтын заттарды, жағдайды өзгертпейді, олар қандай болса, сол күйінде байқап отырады. Бірақ дүниедегі заттар, болмыстар бір орында тұрмай, әр уақытта өсіп, дамып, отырады. Байқауды жүргізгенде бұл жағдайды ескеру қажет. Ол үшін, байқауға кинематографияны пайдалану керек. Фотография мен кинематографияда болмыстардың, құбылыстардың қалай өзгеріп отыратындығы көрсетілсе, фотография суретінде бұлардың барлығын көруге болмайды. Сондықтан байқалынатын психикалық әрекеттер қалайша пайда болып, дамып, өзгеріп отырса, олардың ағымының ретін бұзбай, шатастырмай, сол қалпында байқау қажет, яғни байқау хронологиялы да болуы тиіс. Себебі бір әрекет пен екінші әрекеттің арасындағы себептік байланысты ашуға бұл өте керекті жағдай.
Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ жасап, байқаудың қорытындысын шығарады. Бірақ ол қорытындыға өзіндік пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде шығарғаны жөн. Міне, осы айтылған шарттарды орындағанда ғана объективтік байқау әдісі ғылыми әдіс бола алады. Объективтік байқау әдісінің бірнеше кемшіліктері бар.

  1. Байқаушы адам өне бойы белсенсіз болады, өздігінен байқауды ұйымдастыра алмайды. Байқалатын адамдардың әрекеттеріне қатысып, оларды өзгерте алмайды. Байқаушы көбінесе байқалатын адамның ықпалында болып, ол қандай әрекеттер істесе, соны ғана байқап, жазып отырады;

  2. Байқау жүргізгенде әр уақытта байқалатын жағдай бірқалыпты болып келе бермейді. Сол себептен байқаудың нәтижесі әр уақытта әр түрлі болып шығуы мүмкін. Мысалы: біз екі баланың ойнын байқайтын болсақ, күнде сол балалар ойнайтын жерге барып, олардың ойындарын байқап, мұны қағаздарға жазып отырамыз. Олардың ойнайтын, әрекет ететін жағдайлары қандай болса, бізде сол жағдайларға байқау жүргіземіз. Егер сол балалар күндегі ойнайтын жеріне, күнде келіп тұрмай, бірінші күні бір жерде, басқа күндері басқа жерге баратын болса, байқауды жүргізу үшін біз де олардың артынан баруымыз керек, күнде ойнайтын балалардың саны да өзгеріп отыруы мүмкін. Қорытып айтқанда, объективтік байқауды жүргізгенде жағдай бірқалыпта болмайды, сондықтан байқау нәтижесі де бірыңғай толық түрде объективтік болып шықпайды.

  3. Байқаудың нәтижесін қорытқанда, байқаушы адам қорытындыға өзінің жеке субъективтік пікірлерін қосып жіберуі мүмкін. Байқау жөнді болу үшін, объективтік байқау жүргізгенде осы кемшіліктерді еске алып, бұларды басқа әдістер арқылы жойып, объективтік байқау әдісі арқылы алынатын материалдардың кемшіліктерін толықтырып отыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет