Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


Л.С.Выготский бойынша дамудың сатылары



бет9/30
Дата10.10.2022
өлшемі122,29 Kb.
#42100
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
дәріс

Л.С.Выготский бойынша дамудың сатылары.
Л.С.Выготский бойынша даму- бұл жаңаның пайда болуы. Дамудың сатылары жас ерекшелік жаңа құрылымдармен сипатталады.
Дамудың қайнар көзі әлеуметтік орта болып табылады. Л.С.Выготский «дамудың әлеуметтік жағдайы » деген түсінікті енгізді.
Л.С.Выготский бір жастан екінші жасқа өту динамикасын қарастырды. Әр кезеңде бала психикасында өзгерістер болып тұрады. Дамудың тұрақты және дағдарысты сатыларын бөліп көрсетеді. Тұрақты кезең үшін даму процесінің бір қалыпты өтуі тән.
Л.С.Выготский дағдарыстарға үлкен мән берді. Дағдарыстар,стабильді кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай ғана. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму катастрофиялық сипатқа ие болуы мүмкін.
Дағдарыстық және стабильді кезеңдер кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие: жаңа туылу дағдарысы- нәрестелік жас (2 ай-1 жас)- 1 жас дағдарысы- ерте балалық шақ (1-3жас)- 3 жас дағдарысы- мектепке дейінгі жас (3-7 жас)- 7 жас дағдарысы- мектеп жасы (7-13 жас) – 13 жас дағдарысы- пубертатты жас (13-17 жас)- 17 жас дағдарысы.
Жас ерекшелік даму кезеңдерін З.Фрейд бір ғана бағыт-психосексуалды дамудың ізімен қарастырады.
З.Фрейд бойынша адам - өмір және өлім инстинктісіне ие биологиялық тіршілік иесі. Өмірлік қылықтарының энергиясы либидо энергиясы.
Кемелденген тұлға күрделі құрылымға ие: ол үш инстанциядан тұрады-Ол (Ид), Мен (Эго) және Жоғары Мен (Супер Эго). Ол- “құмарлықтардың жиынтығы”, ирррационалды, биологиялық бастау. Ол-дан шыққан түрткі, толық қанағаттануды талап етеді. Ол адам өмірінің алғашқы принципі- қанағаттану принципіне бағынады.
Екінші Мен инстанциясы. Оладың тілегін қанағаттандыра отырып шешім қабылдайды. Мен шектелуге бағытталады, шынайылық принципіне бағынады. Тұлғаның үшінші инстанциясы жоғарғы Мен моральды норма, сынаушы құрылым. Жас ерекшелік даму З.Фрейдтің сатысы бойынша, қозу, ләззаттануды тудыратын эрогенді зоналар - дене аймақтарының дамуымен байланысты.
Оральды саты (1 жасқа дейін) эрогенді зона-сілекейлі ауыз бен ерін. Бала сүт сорғаннан ләззат алады.
Анальды саты (1-3 жас) эрогенді зона ішектің сілекейлі қабыққа айналуы.
Тазалық, тәртіптілік, қырсықтық, агрессивтілік дамиды.
Фалликалық стаы (3-5 жас) балалық сексуалдылықтың жоғарғы сатысымен сипатталады.
Абалда анаға деген сексуалды жақындық (эдипов кешен), қыздарда әкеге деген сексуалды жақындық (электра кешен).
Латентті саты (5-12 жас) баланың сексуалды дамуы уақытша үзіледі. Ол-дан шыққан құмарлық бақыланады. Баланың сексуалды күйзелістері ығыстырылады, баланың қызығушылықтары достарымен қарым-қатынасқа бағытталады.
Гениталды саты (12 жастан бастап) жыныстық дамуға қатысты. Эрогенді зоналар бірігеді, қалыпты сексуалды қатынасқа ұмтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет