Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987


дәріс. Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуы



бет13/30
Дата10.10.2022
өлшемі122,29 Kb.
#42100
түріПрактикум
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
дәріс

дәріс. Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық дамуы



Дәрістің мақсаты: Мектепке дейінгі жастағы балалардың психикалық даму ерекшеліктері туралы білім беру, болашақ мамандықтарына қажетті, мектепке дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыстармен таныстыру, ізденімпаздыққа баулу.
Дәрістің жоспар:
1. Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы.
2. Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы
3. Ойын-мектепке дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті.
4. Баланы мектепке даярлаудың мәселелері. Жеті жас дағдарысы.
Әдебиеттер тізімі:
1.Гальперин П.Я.,Запорожец А.В.Актуальные проблемы возрастной психологии.-М.,1989.
2.Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология.-А.,1982.
3.Эльконин Д.Б. Детская психология.-М.,1960.
4.Эльконин Д.Б. Психология игры.М.,1978.
Баланың даму процесін психологиялық тұрғыдан талдасақ, мектепалды даярлық тобындағы балалар өзінің алдына қойған белгілі бір міндеттерді шындық жолмен шешуге тырысады. Ол өзіне нақты жағдайды көз алдына келтіріп, өзінің танымында әрекет етеді. Мектепалды даярлық тобындағы балалардың жеке тұлғалық дамуы жаңа білімді меңгерумен, жаңа сапамен қажеттіліктің пайда болуымен сипатталады. Бұл кезеңде баланың жеке тұлғасы барлық жағынан қалыптасады: интеллектуалдығы, сезімталдық пен қайраттылығы, тәжірибелі іс-әрекеті. Үлкендердің қоғамдық пайдалы әрекеттерінің ортасы туралы балаларда түсініктер қалыптасады. Заттық көріністері, олардың қасиеттері баланың сана-сезімінде сол заттарды жасаған үлкендердің еңбегі жайлы жаңа білімдер қосылады.
Мектепке бару – бала өміріндегі шешуші кезең. Өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.
Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы – мектепке дейінгі балалық шақ кезеңіндегі психикалық дамудың басты қорытындыларының бірі.
Мектеп баласына оқу іскерлігін қалыптастыратын қасиеттер комплексі өте-мөте қажет. Л.С.Выготский алты жастағы балалар ситуативті жағдайдан
тікелей іс-әрекетке өтеді, әлеуметтік ереже мен талаптарға бағынып және соңғысына өте сезімталды қарайды деп атап көрсетті.
Баланың түйсік, қабылдау, ес, қиял, ой және тіл сияқты танымдық-психикалық процестерін дамыту – ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттерінің бірі.
Айналадағы дүниені тануда түйсік пен қабылдаудың дамуы неғұрлым жоғары болса, дүниені танып білу соғұрлым бай болады, сондықтан балабақшада сенсорлық тәрбиеге аса зор көңіл бөледі.
Мектепке баратын бала заттар мен құбылыстарды жоспарлы түрде тексере білуі, олардың түрлі қасиеттерін ажырата білуі тиіс. Бала жетерліктей толық, дәл және мүшеленген қабылдауды меңгере білуі қажет, өйткені бастауыш мектептегі оқу едәуір дәрежеде мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын түрлі материалдарды қамтитын балалардың өз жұмыстарына негізделеді.
Мектепке психологиялық даярлықтың басты жағы бала – ерік-жігері дамуының жеткілікті деңгейі. Мектеп программасын игеруге даярлықтағы шешуші мәнді білім мен дағдылардың тек өздері ғана емес, баланың танымдық ынтасы мен іс-әрекеттерінің даму деңгейі алады. Танымдық ынталар біртіндеп ұзақ уақыт бойы қалыптасады. Тұрақты танымдық ынтаның қалыптасуына мектеп жасына дейінгі жүйелі оқыту жағдайлары септігін тигізеді. Осы жағдайда балалардың бірсыпырасы ақыл-ой енжарлығын байқатады, ал оны жеңу үшін баламен байыпты да дара жұмыс істеу қажет етіледі.
Мектепте оқыту білімдерді, жүйелі түрде меңгеру баланың ойлауына ерекше талаптар қояды. Бала төңіректегі болмыстың құбылыстарын ажырата, оларды салыстыра, ұқсастық пен өзгешелікті білуі тиіс; бала талқылай білуді, құбылыстардың себептерін табуды, қорытынды жасауды үйренуі тиіс. Л.С.Выготскийдің айтып көрсеткеніндей, бұл талаптардың жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеді
Қабылдаудың жетіле түсуімен тығыз байланысты баланың ойлауы да дамып отырады. Егер сәбилік шақта ойлау заттық іс-әрекет процесінде жүзеге асса, мектеп жасына дейінгі балада ол практикалық әрекеттің алдын алады.
Мектепке дейінгі шақта бала өмірлік мәселелерді үш түрлі: көрнекі-әсерлі, көрнекі-бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу тәсілдерімен шешеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамыту іс-әрекеттің алуан түрлерінде жүзеге асады. Ойын ерекше маңызға ие болады. Ойын үстінде тұңғыш рет символика, бір заттарды екінші заттармен алмастыру пайда болады (ақиқат заттарды олардың материалдық немесе ұғымдық бейнелеулерімен, модельдермен және ақырында таңбалармен алмастыру) игерудің бастапқы нүктесі.
Мектепке дейінгі балалардың ойыны үстінде ойлау тәсілдерін жетілдірумен, ақыл-ой әрекетінің жаңа типтерін игерумен шектелмейді. Мектепке дейінгі шақта бала алдында тұңғыш рет практикалық қана емес, сонымен бірге білім алуға бағытталған айрықша танымдық міндеттер де пайда болады.
Мектеп жасына дейінгі баланы бақылау оның қиялының бай екенін көрсетеді. Бала екі дүниеде – ақиқат дүниеде және ойындардан, суреттерден ойлап тапқан ертектерден көрінетін өздерінің қиялында – бірдей өмір сүретін тәрізді әсер туғызады. Баланың қиял бейнелері айқын, көрнекі, эмоциялық жағынан бай, бірақ басқарылуы жағынан әлсіздеу болып келеді. Қиялды дамытудың негізгі бағыты – оны біртіндеп саналы ниетке бағындырып, белгілі түпкі ойларды жүзеге асырудың құралына айналдыру. Бұнда баланың шығармашылық сипатында үлкен вариативтілік байқалады: бір балалар ақиқат шындықтың қайта құрылуына бағытталса, басқалары – фантастикалық бейнелер мен жағдайлардың құрылуына бағытталады.
Мектепке дейінгі балалық шақ ырықсыз зейін мен естің басым болатын шағы. Бала өзі үшін тікелей қызықты саналып, эмоциялар қоздыратын нәрсеге зейінді келеді және назарын аударып, өзі есте қалатынды есінде
сақтайды. Сөздік пікірлерден гөрі көрнекі бейнелер әлдеқайда оңай есте қалады. Мектепке дейінгі шақтың соңында зейінді ұзағырақ ырықты басқару мүмкіндігі қалыптасып, жеті жасқа қарай бейнелік еспен теңелетін сөздік мағыналы ес дами бастайды. Бұл баланың іс-әрекетінің әсіресе сабақты жүйелі оқыту жағдайында, жалпы күрделенуімен байланысты.
Зейінді жұмылдыру нәтижелері – баланың айналысып отырған нәрсесіне қызығушылықтың салдарынан болады. Балаларға бір бейнелі және өздерін қызықтырмайтын іс-әрекетке зейінін шоғырландыру қиын.
Танымдық іс-әрекеттерінің барлық түрлерін жетілдіру баланың тілін дамытуға сүйенеді. Сөз балалар игеретін сенсорлық эталондарды бекітіп, ұғымдар мен түсінктерді тасушы ретінде ойлау процестеріне еніп, логикалық пікірлесу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Сөйлеу қиял қызметін бағыттайды, ырықтылық элементтерін енгізе отырып, зейін мен ес алдына міндеттер қояды, есте сақтауға мән береді. Сөйлеу арқылы балаға адамзат тапқан, жинақталған тәжірибе, атап айтқанда, психикалық іс-әрекеттің өзінің тәжірибесі беріледі.
Мектепке дейінгі жаста тілді дамытудың орны ерекше. Тілді дүниені тікелей түйсіну мен қабылдау арқылы ғана емес, көркем шығармалар арқылы да игеруге болады. Сондықтан балабақшада тілді, сөздік қорды, сөз байланысын дамыту, сөздің грамматикалық құрылысын қалыптастыру міндеттері де шешіледі.
Мектепке дейінгі шақтың аяғында сөздік қор молайып, тілдің грамматикалық құрылысы одан әрі жетіле түседі; ситуациялы сөйлеуден ситуациядан тыс жерде де түсінікті болатын контекстік сөйлеуге ауысу жүзеге асады; сөздік ойлаудың негізі болатын іштей сөйлеу қалыптасады.
Тілді меңгермейінше мектеп жасына дейінгі баланың дұрыс психикалық дамуы мүмкін емес десек те, тіл психикалық құбылыстарды жасайды деп ойлауға болмайды. Олар іс-әрекеттің алуан түрлі процестерге тілдің қатысуы үстінде тәрбие мен оқытудың шешуші ықпалымен қалыптасады.
Мектепке психологиялық даярлық, оны қай қырынан алсақ та, баланың бұған дейінгі бүкіл психикалық дамуының қорытындысы, отбасы мен балабақшадағы тәрбие мен үйретудің бүкіл жүйесінің жемісі екенін көруге болады. Нәтижелі оқытуға қажетті сапалар бірден пайда болмайды. Олар баланың өмірге келген сәтінен бастап біртіндеп қалыптасады. Бұл сапаларды қалыптастыру үшін ойын, сурет, конструкциялау т.б. сияқты іс-әрекет түрлерінің маңызы болатынын атап көрсеткен жөн. Себебі, солар арқылы алғашқы рет мінез-құлықтың қоғамдық мотивтері пайда болып, мотив сатылары қаланады; қабылдау мен ойлау әрекеттері қалыптасып, жетіледі, балалар арасындағы өзара қарым-қатынас дамиды.
Осы негізде мектепалды даярлық тобындағы балада қарым-қатынастың түрлі формалары құрылады:
- іскерлік қарым-қатынас. Үлкендерден бір нәрсе үйренуге ұмтыла отырып, бала іскерлік қарым-қатынасқа түседі. Үлкендермен біріккен қызмет балада қоғамдық мінез-құлықтың құнды сапасын, жалпы мақсат қабылдау қабілетін, ортақ жоспарлауға кірісу, жұмыс процесіндегі әрекеттестік, алынған қорытындыны талқылауды дамытады;
- танымдық қарым-қатынас. Баланы толғандырған танымдық мәселелер төңірегіндегі үлкендермен қарым-қатынас. Ол балаларда танымдық қызығушылық пен белсенділіктің тереңдеуіне мүмкіндік жасайды;
- тұлғалық қарым-қатынас. Бала адамдардың эмоциялық, құлықтық әлемімен, олардың іс-әрекетімен, қайғыларымен байланысты мәселелерді үлкендермен талқылау үшін тұлғалық қарым-қатынасқа түседі. Бала үлкендермен өзінің ойларымен, жоспарларымен, әсерлерімен бөліседі.
6 жасар балалардың тұлғасының ерекшеліктері оқу процесінде едәуір қиындықтар тудырады. Мектепке психологиялық дайындық- мотивациялық, интеллектуалды сфералардың және ырықтылық сферасының дамуының жоғарғы деңгейін шамалаушы күрделі құрылым. Әдетте, психологиялық дайындықтың екі аспектісін көрсетеді- тұлғалық (мотивациялық) және интеллектуалдылық дайындық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет