Практикум по возрастной и педагогической психологии / под ред. А. И. Щербакова / М.,1987



бет14/30
Дата10.10.2022
өлшемі122,29 Kb.
#42100
түріПрактикум
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
дәріс

Мектепте оқуға тұлғалық дайындық, баланың жаңа әлеуметтік жағдайға ұмтылуы- бұл бастауыш мектеп оқушысының көптеген психологиялық ерекшелігінің қалыптасуына негіз және алғышарт болып табылады. Бұл жерде мектеп міндеттеріне деген жауапкершілікті қатынас орнайды, бала ол үшін қызықты нәрсені ғана орындап қоймайды, сондай-ақ кез-келген оқу жұмысын орындауға тырысады.
Оқуға деген қатынасынан басқа, бала үшін мұғалімге деген, құрбыларына, өзіне деген қатынасы маңызды орынға ие. Психикалық дамуы жоғары балаларға құрбылармен кооперативті-жарыстық қатынас тән. Мектепке тұлғалық дайындыққа өзіне деген белгілі бір қатынастың болуы да кіреді. Өнімді оқу-іс-әрекеті баланың өзінің қабілетіне, жұмысының нәтижесіне, мінез-құлқына деген адекватты қатынасын білдіреді. Оқушының өзіндік бағалауы жоғары болмауы керек.
Мектепте оқуға интеллектуалды дайындық. Ойлау процестері-жалпылау, объектілерді салыстыру, жіктеу, айқын белгілерін бөліп шығарумен, қорытынды жасау тәсілдерімен байланысты. Бала танымдық белсенділікке ие болуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуындағы негізгі ұғымдар: балдырғандарды жас кезеңдерге бөлу, мектеп жасына дейінгі балалардың түрлі кезеңдеріндегі іс-әрекеттерінің жетекші түрі, сензитивті кезең, дағдарыс кезеңі, баланың тікелей сезімдік және нақты бейнелеу арқылы дүниетанымның дамуы, баланың шындықты жанама және жалпылау тәсілдері арқылы танымының өсуі, алты және жеті жастағы балаларды мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлау.



  1. дәріс. Бастауыш мектеп жасындағылардың психикалық дамуы

Дәрістің мақсаты:Бастауыш сынып оқушы психологиясы жөнінде мағұлмат беру. Жетекші іс әрекетіне тоқталу.
Дәрістің жоспар:
1.Баланың мектепке алғаш барып оқуға сәйкес психикасының өзгеруі.
2. Оқу іс-әрекеті-бастауыш мектеп оқушыларының жетекші іс-әрекеті.
3.Бастауыш мектеп жасындағылардың танымдық әрекеттерінің өрістеуі.
4.Бастауыш мектеп жасындағылардың жеке басының дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет