Практикумы оқу құралы 2013 жыл Алматы 2013 1 0 0 0 6 0 0 4



Pdf көрінісі
бет19/33
Дата12.03.2017
өлшемі6,26 Mb.
#8932
түріПрактикум
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33

№7 зертханалық жұмыс 
Тәжірибелер:  
Aспаптар  мен  реактивтер:  күкірт  оксидін  алуға  арналған  аспап,  штатив, 
тығындары  бар  екі  банка,  стақандар,  тамшылатқыш  воронка,  тығындары  бар  үлкен 
сынауық, фарфор табақша, асбест торы, заттарды жағуға арналған темір қалақша, мұз 
немесе  қар,  сүзгі  қағаз,  индикатор  қағазы,  мақта,үлкен  тығын,  сынауықтарға  арналған 
тығындар, 
4
2
SO
H
(ρ=1,84  г/мл), 
3
HNO
(ρ=1,4  г/мл),  күкіртті  қышқыл  (жаңа  дайындалған 
ерітінді),  магний  лентасы,  мыс,  күкірт  ұнтағы,  көмір  түйірі,  магний  оксиді,  фосфор(V) 
оксиді, натрий сульфиті 
3
2
SO
Na
, натрий хлориді  NaCl , темір (ІІ) сульфаты
4
FeSO , калий 
иодиді  KJ , мыс сульфаты 
O
H
CuSO
2
4
5
, натрий сульфаты 
4
2
SO
Na
, натрий тиосульфаты 
O
H
O
S
Na
2
3
2
2
5
,  қант 
12
22
12
O
H
C
,  этил  спирті 
OH
H
C
5
2
,  ерітінділер:  тұз  қышқылы
HCl , 

 
149 
барий хлориді 
2
BaCl , калий бихроматы 
7
2
2
O
Cr
K
, қорғасын нитраты 
2
3
)
(NO
Pb
,  бром суы, 
иод суы, фуксин, лакмус. 
1.  Күкірт  (IV)  оксидін  алу.  Колбаға  2-3  қасық  натрий  сульфитін  салыңдар. 
Тамшылатқыш  воронкаға  концентрлі  күкірт  қышқылын  құйыңдар.  Не  себептен  тәжірибеге 
құрғақ  тұз  бен  концентрлі  қышқыл  алынады?  Бӛлінген  газды  қандай  әдіспен  жинау  керек? 
Колбаға  тамшылатып  күкірт  қышқылын  құйыңдар.  Бӛлінген  газды  стақанға  (немесе 
цилиндрге)  және  екі  үлкен  кең  сынауыққа  жинаңдар.  Стақанды  шынымен,  сынауықтарды 
тығынмен жабыңдар. 50-100 мл суға қаныққанша күкірт (IV) оксидін сіңіріңдер, ол үшін газ 
шығатын  түтікті  суы  бар  колбаға  салыңдар;  су  реакция  жүріп  жатқан  колбаға  сорылып 
кетпеуі  керек.  Тәжірибенің  соңында  аздап  қыздыруға  болады.  Күкірт  (IV)  оксиді  бар 
стақанды,  сынауықтарды  келесі  тәжірибеге  сақтап  қойыңдар. 
2
SO   алғанда  жүрген 
реакцияның  теңдеуін  жазыңдар.  Күкірт  (IV)  оксидін  натрийсульфитінен  алу  үшін  тұз 
қышқылын немесе азот қышқылын алуға бола ма? Түсіндіріңдер. 
2. Күкірт (IV) оксидінің қасиеттері. Күкірт (IV) оксиді бар сынауыққа жанып тұрған 
шыраны салғанда не байқалады? Түсіндіріңдер. 
3.  Күкірт  (IV)  оксидінің  және  күкіртті  қышқылдың  тотықтырғыш  және 
тотықсыздандырғыш  қасиеттері.  а)  Күкірт  (IV)  оксиді  бар  стаканға  магний  жағып 
салыңдар.  Не  байқалады?  Реакция  нәтижесінде  күкірт  түзілетінін  ескере  отырып,  реакция 
теңдеуін жазыңдар. 
ә)  Сынауыққа  тұз  қышқылын  құйып  оны  күкірт  (IV)  оксидімен  қанықтырыңдар. 
Ерітіндіге  1-2  түйір  мырыш  салыңдар.  Бірнеше  минуттан  кейін  ерітіндіні  басқа  сынауыққа 
құйып  күкіртсутегі  бар  екенін  дәлелдеңдер.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Осы  реакциядағы 
тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты кӛрсетіңдер. Мырыштың ролі қандай? 
б)  Бір  сынауыққа  шамалы  бром  суын,  екіншісіне  иод  суын,  үшіншісіне  калий 
перманганаты  ерітіндісін,  тӛртіншісіне  калий  дихроматының  ерітіндісін  және  калий 
перманганаты  мен  калий  дихроматы  ерітінділері  бар  сынауықтарға  шамалы  сұйытылған 
күкірт  қышқылын  қосыңдар.содан  соң  барлық  сынауыққа  күкіртті  қышқыл  қосыңдар. 
Сынауықтардағы ерітінділер түстерінің ӛзгеруін байқаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
2
2
4
Mn
MnO

3
2
7
2
Cr
O
Cr
.  Күкіртті  қышқыл  бұл  реакцияларда  қандай  қасиет 
кӛрсетеді?  1-кестедегі  стандартты  тотығу-тотықсыздану  потенциалдарымен  танысып, 
қышқыл 
ортада 
күкіртті 
қышқылдыңбром,калий 
перманганаты 
және 
дихроматтатотығатынын дәлелдеңдер. 
4. Фуксинді күкіртті қышқылмен түссіздендіру. Сынауыққа фуксиннің сұйытылған 
ерітіндісін  құйып,  күкіртті  қышқыл  ерітіндісін  қосыңдар.  Не  байқалады?  Ерітіндіні 
қыздырып, байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. 
5. Күкіртті қышқыл және оның тұздарына тән реакциялар. Күкіртті қышқылдың 
жаңа  дайындалған  ерітіндісіне  немесе  оның  тұзына  барий хлоридінің  ерітіндісін  қосыңдар. 
Түзілген  тұнбаның  құрамы  қандай?  Тұнбаға  тұз  қышқылының  әсерін  тексеріңдер.  Не 
себептен тұнба тұз қышқылында ериді? Ерітіндіде кӛбінесе сульфат иондары болады, себебі 
күкіртті қышқыл (
2
3
SO
сульфит ионы) оңай тотығады. Сондықтан, тәжірибені былай ӛткізген 
дұрыс: екі сынауыққа бірдей мӛлшерде тұнба алыңдар, біреуіне тұз қышқылын, екіншісіне   
сондай кӛлемде су қосып шайқаңдар. І-сынауықта II-сынауыққа қарағанда лайлану шамалы 
болатынын бақылаңдар. 
6. Күкірт қышқылының қасиеттері. (тәжірибелердітартпа шкафта жасау керек). 
а)  Концентрлі  күкірт  кышқылының  бейметалдармен  әрекеттесуі.  Фарфор  табақшаларды 
сәл  қыздырып  біреуіне  кӛмірді,  екіншісіне  күкіртті  салып  концентрлі  күкірт  қышқылын 
құйыңдар.  Иісінен  қандай  газ  түзілгенін  байқаңдар.  Реакция  теңдеуін  жазыңдар.  Бұл 
реакцияларда концентрлі күкірт қышқылы қандай қасиет кӛрсетеді? 
ә)  Сұйытылған  күкірт  қышқылының  металдарға  әсері.  Мыс,  мырыш,  темір, 
алюминий  түйірлерін  сынауыққа  салып,  сұйытылған  күкірт  қышқылын  құйып  байқаңдар. 
Алынған  металдардың  қайсысы  қышқылмен  әрекеттеседі?  Металдардың  стандартты 

 
150 
электродты  потенциалдарын  пайдаланып,  реакция  жылдамдығы  әр  түрлі  болатынын 
түсіндіріңдер. Тәжірибеде қай газ бӛлінеді? Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық 
түрде жазыңдар. Осы реакцияларда қай ион тотықтырғыш қасиет кӛрсетеді? 
б)  Металдарға  концентрлі  күкірт  қышқылының  әсері.  1)  Сынауыққа  мыс  салып 
концентрлі  күкірт  қышқылын  қосып  сәл  қыздырыңдар.  Иісінен  қандай  газ  бӛлінгенін 
анықтаңдар. Сынауық суыған соң 2-3 мл ерітіндіні басқа бір сынауыққа құйып. 5-6 тамшы су 
араластырыңдар. Ерітіндінің түсіне назар аударыңдар, қандай иондар бар? Концентрлі күкірт 
қышқылы мен мыстың арасындағы реакция теңдеуін жазыңдар. 
2)  Концентрлі  күкірт  қышқылымен  мырышқа  әсер  етіңдер.  Сынауықты  аздап 
қыздырыңдар.  Сақтықпен  абайлап  иісінен  қандай  газ  түзілгенін  анықтаңдар.  Қыздыруды 
жалғастырыңдар.  Ерітіндінің  лайлануын  байқаңдар,  түсіндіріңдер.  Қорғасын  нитраты 
ерітіндісіне батырылған сүзгі қағазын сынауықтың аузына ұстап күкіртсутегінің бӛлінгенін 
дәлелдеңдер.  Мырыш  пен  концентрлі  күкірт  қышқылы  реакцияласқанда  екі  түрлі  ӛнім 
түзілетінін ескеріп екі бағытта жүретін реакция теңдеулерін жазыңдар. Электроңдық теңдеу 
құрыңдар. Мырыш пен мысқа күкірт не себептен әртүрлі әсер етеді? 
в) Күкірт қышқылының дегидраттау (су сіңіргіш) қасиеті. 
1)  күкірт  қышқылының  (1:1)ерітіндісіне  шыны  таяқшаны  батырып  алып  сүзгі 
қағазына  жазыңдар.  Қағазды  жалын  үстінде  кептіріңдер.  Байқалған  құбылыстарды 
түсіндіріңдер, клечатканың формуласы 
x
O
H
C
)
(
5
10
6
екенін ескеру керек. 
2)  күкірт  қышқылының  қантқа  әсері.  Химиялық  стақанда  (100-150  мл)  10  г 
ұнтақталған  қантқа  1  мл  су  қосып  шыны  таяқшамен  араластырыңдар,  оған  бір  текті 
қоймалжың зат болғанша 4-5 мл концентрлі
4
2
SO
H
қосыңдар. Қанттың формуласы
11
22
12
O
H
C
екенін ескеріп реакция теңдеулерін жазыңдар. Иісі бойынша бӛлінген газды анықтауға бола 
ма? 
г) Күкірт қышқылын басқа қышқылдың тұздарымен әрекеттестіру.  Зертханада бар 
құрғақ тұздардан концентрлі күкірт қышқылымен  әрекеттесетінін таңдап алыңдар. Шамалы 
құрғақ тұзды сынауыққа салып концентрлі күкірт қышқылын құйыңдар, оған су тамызыңдар. 
Түзілген  ұшқыш  заттардың  иісін,  түсін  зерттеңдер.  Дымқыл  лакмус  қағазының  түсін 
ӛзгерткен заттарды анықтаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. 
7. Сульфат ионына тән реакция. Тұздардың ерігіштік кестесін пайдаланып, сульфат 
иондарына  қандай  катиондар  реактив  бола  алатынын  анықтаңдар.  Сәйкес  реакцияларды 
жүргізіп,  алынған  тұнбалардың  түстері  мен  түрлерін  анықтаңдар.  Реакция  теңдеулерін 
молекулалық  және  иондық  түрде  жазыңдар.  Түзілген  тұнбаларға  тұз  қышқылымен  әсер 
етіңдер. Барий сульфитіне және барий сульфатына тұз қышқылы әсерінің айырмашылығын 
байқаңдар. Түсіндіріңдер. 
8. 
Натрий 
тиосульфатының 
қасиеттері. 
а) 
Натрий 
тиосульфатының 
тотықсыздандырғыш  қасиеті:  екі  сынауыққа  натрий  тиосульфаты  ерітіндісін  құйып, 
біріншісіне  -  хлор  суын,  екіншісіне  -  бром  суын  қосыңдар.  Ерітіндіде  сульфат  ионы 
түзілгенін дәлелдеңдер. Натрий тиосульфаты және хлор суының, натрий тиосульфаты және 
бром суының әрекеттесуін жазыңдар, электрондық теңдеулерін құрып теңестіріңдер. 
ә)  Тиосульфат  ерітіндісіне  крахмал  және  йод  суын  тамшылатып  қосыңдар.  Йодтың 
түсі  неге  жойылады?  Реакция  теңдеулерін  жазыңдар.  Реакция  нәтижесінде  натрий 
тетратионаты 
6
4
2
O
S
Na
түзіледі. Ерітінді кӛк түске боялғанша йод суын қосып, түсіндіріңдер.  
 
Жаттығулар мен есептер 
1. Калийдің сульфиті мен гидросульфитін қалай алуға болады? 
2.  Тӛмендегі  тотығу  -  тотықсыздану  реакцияларында  күкірт  қосылыстары  қандай 
қасиеттер кӛрсетеді, реакция теңдеулерін толық жазып теңестіріңдер: 
3
2
3
SO
H
HJO
 
O
H
SO
FeCl
2
2
3
 
O
H
SO
конц
HNO
2
2
3
)
(
 

 
151 
С
C
SO
0
700
2
 
O
H
Cl
NaHSO
2
2
3
 
3.Неліктен:  
а) кӛміртегі оксидін алу үшін кальций карбонатын қолдануға болмайды? 
ә) қорғасынға күкірт қышқылымен әсер етіп неге сутегін алуға болмайды? 
4. Мына газдарды 
S
H
NH
CO
Se
H
CH
2
3
2
2
4
,
,
,
,
 концентрлі күкірт қышқылы ерітіндісіне 
жіберіп кептіруге болмайды. Неліктен? 
5.  Контакт  әдісімен  күкірт  қышқылын  ӛндіргенде  неге  күкірт  (IV)оксидін  суда 
ерітуден гӛрі концентрлі күкірт қышқылында ерітеді? 
6. Мына реакциялар қандай жағдайларда соңына дейін жүреді? 
4
2
3
SO
H
COONa
CH
 
4
2
3
2
SO
H
SiO
Na
 
4
2
SO
H
NaCl
 
4
2
3
SO
H
NaNO
 
7. Концентрлі күкірт қышқылымен тӛмендегі заттар арасындағы реакция теңдеулерін 
толық жазып, коэффициенттерін қойып, теңестіріңдер: 
0
4
2
t
Fe
SO
H
 
0
4
2
t
Mg
SO
H
 
Ag
SO
H
4
2
 
P
SO
H
4
2
 
0
4
2
t
C
SO
H
 
HJ
SO
H
4
2
 
8. 0,1 М натрий тиосульфатының ерітіндісіне концентрлі күкірт қышқылының артық 
мӛлшерімен  әсер  еткенде  4,8  г  күкірт  түзіледі.  Реакцияға  тиосульфат  ерітіндісінің  қандай 
кӛлемі жұмсалады? 
9. Хлор мен азоттың 2 л қоспасына (қ.ж.) хлорды сіңіру үшін натрий тиосульфатының 
3,16 г қажет етеді. Газ қоспасындағы азот пен хлордың кӛлемдік үлестерін (%) есептеңдер. 
10. 45% күкірті бар 5 т пириттен құрамында 60% 
3
SO
бар жоғары процентті олеумнің 
қандай массасы алынады? 
11. 40% күкірті бар 1 т флотациялық қалдықтардан 75% күкірт қышқылының қандай 
масасы түзіледі? 
12. 0,6 моль натрий сульфитіне қышқылмен әсер еткенде алынған күкірт (IV) оксиді 
20
0
С температурада және 95кПа қысымда қандай кӛлем алады? 
13. 70% 
2
FeS бар 5 т пиритті ӛртеу үшін (қ.ж.) ауаның қандай кӛлемі қажет? 
 
 Азот және оның сутекті қосылыстары 
Азот гректiң   ―тiршiлiктi қолдамайды‖ деген сӛзiнен шыққан. Шындығында таза азот 
атмосферасында  тiршiлiк  болмайды.  Ал  оның  таңбасы  N  -  латынша  нитрогениум,  яғни 
селитра тудырғыш   деген сӛзден шыққан. 
Табиғатта азот кӛбiнесе бос күйiнде болады. Ол жер атмосферасының кӛлем бойынша 
78 процентiн алып жатыр. 
Азот байланысқан күйде бiршама топырақта, органикалық заттар құрамында болады. 
Топырақтағы  бактериялар  (азотбактерия)  органикалық  қосылыстағы  азотты  азоттың 
тұздарына  –  нитраттарға  айналдырады.  Сӛйтiп,  ӛсiмдiктер  азотты  топырақтан  нитраттар 
күйiнде сiңiредi. 
Ол  ӛсiмдiк  белогi  құрамына  кiредi.  Жануарлар  азотты  ӛсiмдiк    арқылы  алады. 
Олардың организмiнде 1-10%, ал жүн мен мүйiзде 15%-ке дейiн азот болады. Тiрi организм 

 
152 
құрамындағы  белокқа  азот  кiредi.  Азотсыз  белок  жоқ,  ал  белоксыз    ӛмiр  жоқ.  Осыдан 
азоттың жердегi ӛмiр үшiн қандай маңызы барын түсiну қиын емес. 
Сонымен қатар азот, кӛмiр, торф және нитрат құрамында табиғатта кездеседi. Натрий 
нитратының ең бай қоры Оңтүстiк Америкада Чили жағалауында. 
Азоттың  алынуы,  қасиетi,  қолданылуы.  Ӛнеркәсiпте  азотты  ауадан  алады. 
Алдымен  ауаны  қысып  сұйыққа  айналдырады,  содан  соң  бiртiндеп  қысымды  азайтқанда 
қайнау температурасы тӛмен азот бiрiншi ұша бастайды. 
Зертханада азотты аммоний нитритiн ыдырату арқылы алады: 
O
H
N
NO
NH
2
2
2
4
2
 
Аммиакты мыс оксидi (қыздырылған) үстiнен ӛткiзу кезiнде азот бӛлiнедi:   
O
H
Cu
N
CuO
NH
2
2
3
3
3
3
2
 
Азот    иiссiз,  түссiз,  ауадан  шамалы  жеңiл  газ.  Суда  нашар  еридi.  Сұйық  азот   
195,8o-та қайнайды,   210
0
С-та қатады. 
Азот  тыныс  алу,  жану  процесiн  ―қаламайды‖.  Ол  улы  емес.  Жан-жануардың  адам 
тыныс алуы үшiн таза оттегiнiң де жарамайтыны белгiлi. Демек, тыныс алу процесiнде ауа 
құрамындағы азоттың да белгiлi бiр ролi бар. 
Әдетте,  азот  молекуласы  ӛте  тұрақты,  ешбiр  затпен  әрекеттеспейдi.  Онын  себебi 
молекула  құрамында  үш  жұп  байланыстың  болуында: 
N
N
.  Дегенмен  ӛте  жоғары 
температурада қыздырған кезде азот металдармен нитридтер, оттегiмен оксидтер, сутегiмен 
аммиак түзiп әрекеттеседi. 
Аммиак.  Азот  сутегiмен  бiрнеше  қосылыс  түзедi.  Олардың  iшiнде  ең  маңыздысы  - 
аммиак. Оны зертханада аммоний хлоридiн кальций гидроксидiмен қосып қыздыру арқылы 
алады: 
3
2
2
2
4
2
2
2
NH
O
H
CaCl
OH
Ca
Cl
NH
 
Аммиак    ӛткiр  иiстi,  түссiз  газ.  Ауадан  жеңiл.  Ол  ӛте  улы.  Аммиак    33,4oС-та 
сұйыққа  айналады,  ал  77,8
0
С  -та  қатады.  Оны  арнайы  цистерна  мен  баллондарда  сақтап, 
тасымалдайды. 
Аммиак  суда  ӛте  жақсы  еридi.  Судың  1  кӛлемiнде  аммиактың  710  кӛлемi  еридi. 
Аммиактың концентрлi (25%) ерiтiндiсiн мүсәтiр спиртi дейдi. 
Сұйық  аммиак  буланған  кезде  айналаны  суытады.  Оның  осы  қасиетiн  тоңазытқыш 
жасауда пайдаланады. 
Сұйық аммиак ӛте құнды концентрлi тыңайтқыш. 
Аммиак  молекуласында  байланыс  түзуге  қатынаспайтын  бiр  жұп  электрон  бар.  Сол 
себептi  ол  кӛптеген  донорлы-акцепторлы  байланыстар  түзiп,  кӛптеген  комплекстi 
қосылыстар құрамына лиганд түрiнде кiредi. 
Бақылау сұрақтары 
1. Азот атомының элетрондық формуласын жазыңдар. 
2. Қосылыстарында азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді және максимальды 
коваленттілігі қандай? Мысал келтіріңдер. 
3. МОӘ пайдаланып, азот молекуласының энергетикалық диаграммасын жазыңдар. 
4. Зертханада қандай заттардан және қандай жағдайда азотты алады? Реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
5. Азоттың қандай сутекті қосылыстарын білесіңдер? Формулаларын жазып және 
аттарын атап, тотығу-тотықсыздану реакцияларда қандай қасиет көрсететінін реакция 
теңдеулерімен жазыңдар. 
6. ВБ әдісі бойынша аммиак молекуласының құрылысын түсіндіріңдер. 
7. Зертханада қандай заттардан және қандай жағдайда аммиакты алады? Реакция 
теңдеулерін жазыңдар. 
8. Аммиактың химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер, реакция теңдеулерін 
жазыңдар. 
 

 
153 
№8 зертханалық жұмыс 
Тәжірибелер:  Аспаптар  мен  реактивтер:штативтер,  сыйымдылығы  50  мл 
бюретка,  газөткізгіш  түтігі  бар  тығын,  екі  резеңке  түтік,  сіріңке,  Кипп  аппараты, 
сыйымдылығы  1  л  колба,  түтікшелері  бар  тығын,  фарфор  табақша,  ұзындығы  20-25  см 
шыны  түтікше,  цилиндрлер  немесе  тығындары  бар  үлкен  сынауықтар,  шыны  таяқшалар, 
темір ұнтағы, мырыш, марганец (ІV) оксиді 
2
MnO , кальций гидроксиді, аммоний нитраты 
3
4
NO
NH
, аммоний сульфаты 
4
2
4
)
(
SO
NH
, аммоний хлориді 
Cl
NH
4
, калий нитраты 
3
KNO

гидразин 
4
2
H
N
немесе  гидразин  сульфаты 
4
2
4
2
SO
H
H
N
,  гидроксиламин  хлориді 
HCl
OH
NH
4
,  сүзгі  қағазы,  ерітінділері:  күкірт  қышқылы
4
2
SO
H
,  натрий  гидроксиді  
NaOH , аммиактың судағы ерітіндісі (25 %-ті және 2 н), фенолфталеин, иод суы. 
1. Азотты алу және қасиеттері. Сынауыққа 2 грамм ұсақ натрий нитритін салып 4-5 
мл  аммоний  хлоридінің  қанық  ерітіндісін  кұйып,  газ  түтікшесі  бар  тығынмен  жабыңдар. 
Штативке  бекітіп  қыздырыңдар.  1-2  минуттан  кейін  бӛлінген  газды  сынауыққа  суды 
ығыстыру  әдісімен  жинап  алыңдар.  Сынауық  газға  толған  соң  шыны  пластинкамен  жауып 
судан  шығарып  алыңдар.  Аммоний  нитритінің  ыдырау  реакциясы  теңдеуін  жазыңдар. 
Азоттың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар. Азоты бар сынауыққа жанып тұрған шыраны 
салыңдар немесе ізбес суын құйыңдар. Не байқалады? Ізбес суының түсі ӛзгере ме? 
2.  Аммиакты  алу.  Құрғақ  сынауықтардан  63  –  суреттегідей  аспап  құрастырыңдар. 
Аммоний  хлоридімен  сӛндірілген  әкті  фарфор  табақшада  бірдей  мӛлшерде  араластырып 
алыңдар.  Аммиак  бұл  кезде  бӛліне  ме?  Алынған  қоспаны  сынауыққа  жартысына  дейін 
салыңдар,  газ  түтікшесі  бар  сынауықпен  жауып,  түбін  кӛтеріңкі  етіп  штативке  бекітіндер; 
екінші  сынауықты  газ  түтікшеге  кигізіп  қою  керек.  Қоспаны  жайлап  қыздырып,  бӛлінген 
аммиакты  сынауыққа  жинаңдар.  Аммиак  жиналатын  сынауықтың  түбін  жоғары  қарай 
ұстаңдар.  Неге?  Аммиак  толған  сынауықты  түтіктен  шығарыңдар,  құрғақ  тығынмен 
жабыңдар, келесі тәжірибеге сақтап қойыңдар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
63-сурет. Аммоний тұздарынан аммиакты алуға арналған аспап. 
 
3.  Аммиактың  қасиеттері.  а)  Аммиакты  суда  еріту.  2-тәжірибеде  алынған 
сынауықтағы  аммиакты  суда  еріту  үшін  сынауықтың  бетін  судың  астында  ашыңдар.  Не 
байқалады? Судың кӛтерілуі тоқтағанда сынауықты судың астында тығынмен жауып, судан 

 
154 
шығарып  алып  лакмуспен  сынаңдар.  Байқалған  кұбылыстарды  түсіндіріңдер.  Реакция 
теңдеулерін  жазыңдар.  Ерітіндінің  бір  бӛлігін  қайнатындар.  Иісі  жойылды  ма?  Лакмуспен 
сынаңдар,  түсі  ӛзгерді  ме?  Аммиактың  судағы  ерітіндісінде  тепе-теңдік  бола  ма? 
Қыздырғанда тепе-теңдік қалай қарай ығысады? Түсіндіріңдер.  
ә) Аммиактың хлорсутегімен әрекеттестіріңдер: бір цилиндрге аммиак (2-тәжірибе), 
ал екіншісіне хлорсутегін жинап алып, екеуін де шыны пластинкалармен (тығынмен) жауып, 
цилиндрлердің ауыздарын жанастырыңдар (аммиак жоғарыда болуы керек). Пластинкаларын 
(тығындарын) ашып газдарды араластырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
б) Аммиактың жануы:64-суреттегідей қондырғы құрастырыңдар, бірінші сынауыққа 
2-3  мл  концентрлі  аммиак  ерітіндісін  құйып  газ  ӛткізгіш  түтікшесі  бар  сынауықпен 
жабыңдар, екінші сынауыққа калий перманганатын салыңдар. Газ ӛткізгіш түтікшесі екінші 
сынауықтың  аузында  болуы  керек,  екінші  сынауықты  қыздырып  оттегі  бӛліне  бастағанда, 
аммиак  ерітіндісін  қыздырып,  жағыңдар.  Жалынның  түсін  байқаңдар.  Реакция  тендеуін 
жазыңдар. 
 
64-сурет. Аммиактың оттегінде жануы:                    65-сурет. Аммоний хлоридінің термиялық ыдырауы. 
1- концентрлі аммиак ерітіндісі бар сынауық;  
2- оттегін алуға арналған қоспасы бар сынауық. 
 
4. Аммоний ионына тән реакция. Сынауыққа аммоний тұзының ерітіндісін құйып 1-
2  мл  KOH ерітіндісін  қосып  қыздырыңдар.  Сынауықтың  аузына  ылғал  лакмус  қағазын 
ұстаңдар. Лакмус қағазы қалай ӛзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар. 
Газдардың ішінде тек аммиак қана сумен қосылып сілті түзеді, соңдықтан лакмустың 
су буына кӛгеруі, ерітіндіде аммоний катионы бар екенін дәлелдейді. Егер бӛлінетін аммиак 
кӛп болса, оны иісінен білуге болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет