Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама


Атауы: Қасаң қабықтың бірқабатты жалпақ эпителийі, эндотелий.  Бояуы



Pdf көрінісі
бет5/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Атауы: Қасаң қабықтың бірқабатты жалпақ эпителийі, эндотелий. 
Бояуы: Гематоксилин–эозин. х400. 
Бояуды толық түсіну: Бояуға базофильді жасуша құрылымын ашық көк 
түске бояйтын негізгі бояғыш гематоксилинді және жасушалардың 
эозинофильді құрылымын қызыл-қызғылт түске бояйтын алкогольді қышқыл 
бояғыш эозин қолданылған. Негізінен осы бояғыштар бояудың ең көп 
таралған әдісі. Ол негізгі және қышқыл бояғыштарды біріктіреді. Сондықтан 
барлық дерлік жасушалар мен көптеген жасушалық емес құрылымдарды 
анықтауға мүмкіндік береді. Пайдаланылған гематоксилин Эрлих әдісімен 
дайындалады: калий алюминийі мен гематеинге дейін тотығады. Ядролар 
көк-күлгін, ал цитоплазма сарғыш-қызғылт түске болады. 
Құрылым ерекшелігін толық түсіну: 1-эндотелий жасушалары және 
ядролары2-қасаң қабықтың негізгі артқы қабықшасы3-қасаң қабықтың 
меншікті заты. 
Эндотелий негізінен эндотелиоциттерден құрылған. Эндотелиоциттердің 
пішіні,өлшемдері және тамыр білігіне қатысты орналасу сипаты тамыр 
жүйесінің әр түрлі бөліктеріндегі гемодинамикалық жағдайларына және бұл 
тамырлардың калибріне байланысты. Эндотелиоциттердің ортаңғы бөлігінде 
дөңгелек пішінді ядроларды көреміз. 


Орналасуы: эндотелий капиллярдан бастап жүрекке дейінгі бүкіл лимфа мен 
қан айналым жүйесін және де қасаң қабықты қамтиды. 
Қызметі: эндотелий негізінен қан мен қоршаған тіндердің арасында 
орналасуына байланысты: зат алмасу қызметін, трансэндотелиалді 
тасымалдау, жасушааралық контакттар және де саңылаулар арқылы 
диффузия механизмдерімен иондар, липидтер және су алмасуын қамтамасыз 
ету; плазмалық қан ұю факторларын және антикоагулянттарды үйлесімді 
өндіру арқылы қан ұюын реттеу; биологиялық активті заттарды синтездеу 
және секрециялау қызметін атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет