Гиалинді шеміршектің орнына сүйектің дамуы (саусақ сүйектерінің бойлық кесіндісі)
Бояуы: Гематоксилин-эозин.х56.
Боялуының сипаттамасы: Сүйек жасушалары негіздік бояулармен боялады, яғни
гемотоксилин мен, себебі олардың ядролары қышқылдық қасиетке ие. Ал ЖАЗ
қышқылдық бояумен боялады, яғни эозинмен. Гематоксилин-негізгі бояғыш және көк-
күлгін түсті ядроларды бояйды; эозин – қышқыл бояғыш және цитоплазманы қызғылт
және аз дәрежеде жасушадан тыс құрылымдармен бояйды
Құрылысы: 1- эпифизарлы гиалинді шеміршек; 2- перихондрий; 3- шеміршек бағансының
қабаты; 4- көпіршікті шеміршектің қабаты; 5- перихондралды сүйек манжеткасы
(перихондралды сүйек); 6- эндохондралды сүйек; 7- периост-сүйекқап
Орналасуы:Сүйек тінінде
Қызметі: Сүйек тіндерінің қызметтері: 1.Тіректік- механикалық 2. Минералдық
гомеостазды реттеуге қатысу 3. Қорғаныш 4. Локомоторлық
Шеміршек қабы(перихондрит)-шеміршек тінінің сыртын қаптайтын талшықты дәнекер
тіні. Оның 2 қабаты бар. 1 кабат тығыз талщыкты
дәнекер тінінен тұратын фиброзды
кабат. Ал 2-кабат борпылдак талшыкты данекер тіннен тұратын
хондрогенды кабат.
Хондроциттер дегенміз
пісіп жетілген,
яғни ересек жасушалар,олар бөліне алмайды.
ЖАЗ-ты синтездеуі төмендеген болып келеді.
Хондробласттар-дегеніміз ол жас шеміршек жасушалары, олар бөліне алады ең бастысы
олар жасушааралық заттарды жақсы синтездей алады. Олар базофилді боялады.
Достарыңызбен бөлісу: