Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама


Атауы: Остеобластың құрылысы. Бояуы



Pdf көрінісі
бет68/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103
Атауы: Остеобластың құрылысы.
Бояуы: Электронды микросурет – схема 
Орналасуы: периосте мен эндостеумда да көп кездеседі 
Қызметі: Остеобласттардың қосалқы қызметі - сілтілік фосфатазаның көп болуына 
байланысты жасушааралық затқа кальций тұздарының тұндыру процесіне қатысу 
(матрицаның кальцинациясы), бұл остеобласттардың жоғары синтетикалық белсенділігін 
көрсетеді. Остеобласттар сүйекті жасушадан тыс сұйықтықтан бөледі. 
А- жарық - оптикалық деңгейде; 
Б- субмикроскопиялық деңгейде; 
1- ядро; 2- цитоплазма; 3- дамыған түйіршікті эндоплазмалық тор; 
4- остеоид; 5 – сүйек тінінің минералданған заттары. 


Атауы: Остеоциттің құрылысы. (Ю.И. Афанасьев бойынша) 
А- жарық - оптикалық деңгейде; Б- субмикроскопиялық деңгейде; 1- 
оцтеоцит өсінділері; 2- ядро; 3- эндоплазмалық тор; 4- Гольджи аппараты 5 – 
митохондрия; 6- лакуна шетіндегі остеоциттер орналасқан (ізбестелмеген) 
сүйектің остеоидты заты. 
Бояуы: электр. микросурет 
Орналасуы: сүйек лакунасында орналасқан, саны жағынан басым, 
дефинитифті, бөлінбейтін, көп өсінділі жасушалар. 
Құрылыс ерекшелігі:
d.50мкм., әлсіз базофилді, цитоплазмада оргаллелалары 
көп емес, өсінділері жасушааралық затты іштей тесіп- шырмап өтетін 
өзекшелерде 
орналасқан, 
көршілес 
жаушалар 
өсінділермен 
өзара 
байланысқан. Остеоциттердің ультра құрылымдық ұйымдастырылуы 
цитоплазмада әлсіз көрінетін түйіршікті эндоплазмалық тордың болуымен 
сипатталады, митохондрия мен лизосоманың аз саны, центриолалар жоқ. 
Ядрода гетерохроматин басым. Барлық осы деректер остеоциттердің шамалы 
функционалды белсенділігі бар екенін көрсетеді, бұл жасушалар мен 
жасушааралық зат арасындағы метаболизмді сақтаудан тұрады. Остеоциттер 


жасушалардың анықталған формалары болып табылады және бөлінбейді. 
Олар остеобласттардан түзіледі.
Қызметі: 
1. Сүйек тінінің минералданған жасушааралық затының құрылымдық 
біртұтастығын сүйемелдеу үшін заттарды секрециялау. 
2. Са және Р өндіре отырып қалыпты жағдайда ұстау. 
3. Сүйек тінінде судың, ақуыздардың және иондардың алмасуын реттеу. 
Атауы: Остеокластың құрылысы. (Ю.И. Афанасьев бойынша) 
А- жарық - оптикалық деңгейде; Б- субмикроскопиялық деңгейде; 
1- ядро; 
2- 
остеокластың 
гофирленген 
шеті; 
3-ашық 
зонасы;4- 
лизосомалар; 
5 – жасуша аралық заттарды сору аймағы;
6- 
минералданған заттар. 
Бояуы: электр. микросурет 
Құрылысы ерекшелігі: пішіні күмбез тәрізді болады, цитоплазмасы 4 зонаға 
бөлінген: базальді, везикулалы, ашық зонасы және гофирленген шетінен 
тұрады. Диаметрі 100мкм, бір жасушада 3-50 жуық ядролары болады. Әлсіз 
ацидофилді цитоплазмасында лизосомалар, митохондриялар, көпіршіктері 
көп болады. 
Жасуша цитоплазмасында, ядролардың астында әртүрлі мөлшердегі 
көптеген лизосомалар мен вакуольдер орналасқан. Остеокласттың 
функционалды белсенділігі келесідей көрінеді: жасуша негізінің орталық 


(гофрленген) 
аймағында 
цитоплазмадан 
көмір 
қышқылы 
мен 
протеолитикалық ферменттер шығады. Шығарылған көмір қышқылы сүйек 
тінінің деминерализациясын тудырады, ал протеолитикалық ферменттер 
жасушааралық заттың органикалық матрицасын бұзады. Коллаген 
талшықтарының фрагменттері остеокласттармен фагоциттеледі және 
жасушаішілік бұзылады. Осы механизмдер арқылы сүйек тінінің 
резорбциясы (бұзылуы) жүреді, сондықтан остеокласттар әдетте сүйек тінінің 
ойықтарында орналасады. Қан тамырларының дәнекер тінінен шығарылатын 
остеобласттардың белсенділігіне байланысты сүйек тінінің бұзылуынан кейін 
жаңа сүйек тінінің құрылысы жүреді. 
Орналасуы:
бұлар көбінесе жарақаттан сүйектерде және сүйек тіндерінде 
орналасады, себебі: бұлар сүйек тінін бұзатын болғандықтан, сондықтан 
жарақаттанған сүйектерде көп кездеседі. 
Қызметі: сүйек тінін бұзатын және сүйек қалдықтарын сорып, жоятын 
жасуша. 
1- остеон каналы 
2-остеоциттер 
3-сүйек пластинкалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет