Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама



Pdf көрінісі
бет72/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103
4. Қызметі: қаңқа бұлшықет тіні дененің кеңістіктегі орнын ауыстырып, қозғалысты 
қамтамасыз ету 
5. Орналасуы: қаңқалық бұлшықет тін скелеттік мускулатурада, тілде, өңештің жоғарғы 
бөлігінде орналасқан. 
Препарат №5 


1.Атауы:Саркомерлердің 
электронды микрофотограммасы 
2. Бояуы: жоқ 
3.Құрылысы. 
1-көлденең жолақты 
миофибриллалар; 2-жалпақ (миозин) 
миопротофибриллалар; 3-жіңішке 
(актин) миопротофибриллалар; 4- Т 
сызығы(телофрагма); 5-I дискінің бір 
бөлігі; 6-М сызық(мезофрагма); 7-А 
диск; 8-саркомер
Миофибрил – бұлшықет 
талшығының жиырылғыш аппараты 
болып саналатын цилиндр тәрізді 
талшықтар 
Актин филаменттері – актин 
ақуызынан құралған жіңішке 
миофиламент 
Миозин филаменттері – миозин 
ақуызынан құралған жуан 
миофиламент 
Телофрагма немесе Z сызығы-
бұлшықет талшығының 
миофибрилласының изотропты 
дискісін көлденең бағытта кесіп 
өтетін жұқа бөлік 
А-диск – анизотропты күңгірт 
жолақ, жарықты екі есе сындыру қабілеттілігі бар 
І-диск – изотропты ашық, тек қана жіңішке миофиламенттен құралған жолақ 
М сызық – миомезин, креатинкиназа, С-ақуыздан құрылған тығыз тор кесіндісі. Оның 
негізгі қызметі – саркомерге миозинді берік орнықтыру 
Саркомер көрші екі Z-сызықтар арасында орналасқан, миофибрилдердің құрылымдық-
функционалдық қысқарғыш бірлігі. 
4. Қызметі: көлденең жолақты бұлшықет тінінің құрылымдық-функциялық қысқарғыш 
бірлігі болып, дененің кеңістіктегі орнын ауыстырып, қозғалысты қамтамасыз ету 
5. Орналасуы: саркомер қаңқалық бұлшықет тін скелеттік мускулатурада, тілде, өңештің 
жоғарғы бөлігінде орналасқан. 
Препарат №6 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет