жасуша.Сырты сарколеммамен қоршалған. Бойлық кесіндісінде ашық және күңгірт
сызылымдар байқалады, ал көлденең кесіндісіндегі миофибрилдер нүкте тәрізді
байқалады
5. Қызметі: дененің кеңістіктегі орнын ауыстырып, қозғалысты қамтамасыз ету
6. Орналасуы: скелеттік мускулатурада, тілде, өңештің жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Препарат №2
1.
Атауы:Қаңқалық бұлшықет тінінің дамуы
2. Бояуы: жоқ
3.Құрылысы.
а- промиобласт; б-миосимпласт; в-талшықты
түтікше; г-дамыған бұлшықет талшығы: 1-
миосателлиоцит; 2-миосимпласт ядросы; 3-
миофибриллалар.
Жалпы қаңқалық бұлшықет тінінің дамуының
4 сатысы бар:
Миобласттық саты. Бұл кезде мезодерманың
дорзальды бөлігі болып табылатын
сомиттердің ортаңғы бөліктері –
миотомдардан промиобласт дамиды. Ол
дивергентті және миобласттың екі типін
қалыптастырады
Миосимпласт – көп ядролы құрылым,
миобласттардың ұштарымен қосылуы
нәтижесінде пайда болады. Бұл құрылымда
актин және миозин құрылымдары синтезделе
бастайды
Талшықты түтікше сатысы. Бұл кезде симпласттар ұзарады, цилиндрлік құрылымдар
қалыптасады, олардың орталық бөлігінде ядролар тізбектеліп орналасады және
саркоплазма перифериясында миофибрил саны артады
Дамыған бұлшықет талшығы сатысы. Миофибрил миотубтың барлық дерлік көлемін
толтырады, ядросы орталық бөлігінен перифериялық бөлігіне ауысады, грЭПТ мен
жасушалық тор редукцияланып, саркоплазмалық тор қалыптасуымен аяқталады.
Миосателиоцит – қаңқа бұлшықет тінінің камбиалды элементі
Миосимпласт – бірнеше жасуша бірігуі нәтижесінде қалыптасатын көп ядролы құрылым
Миофибрил – бұлшықет талшығының жиырылғыш аппараты болып саналатын цилиндр
тәрізді талшықтар
Достарыңызбен бөлісу: