1.
Атауы:Саркомерлердің
электронды микрофотограммасы
2. Бояуы: жоқ
3.Құрылысы.
1-көлденең жолақты
миофибриллалар; 2-жалпақ (миозин)
миопротофибриллалар; 3-жіңішке
(актин) миопротофибриллалар; 4- Т
сызығы(телофрагма); 5-I дискінің бір
бөлігі; 6-М сызық(мезофрагма); 7-А
диск; 8-саркомер
Миофибрил – бұлшықет
талшығының жиырылғыш аппараты
болып саналатын цилиндр тәрізді
талшықтар
Актин филаменттері – актин
ақуызынан құралған жіңішке
миофиламент
Миозин филаменттері – миозин
ақуызынан құралған жуан
миофиламент
Телофрагма немесе Z сызығы-
бұлшықет талшығының
миофибрилласының изотропты
дискісін көлденең бағытта кесіп
өтетін жұқа бөлік
А-диск – анизотропты күңгірт
жолақ, жарықты екі есе сындыру қабілеттілігі бар
І-диск – изотропты ашық, тек қана жіңішке миофиламенттен құралған жолақ
М сызық – миомезин, креатинкиназа, С-ақуыздан құрылған тығыз тор кесіндісі. Оның
негізгі қызметі – саркомерге миозинді берік
орнықтыру
Саркомер көрші екі
Z-сызықтар арасында орналасқан, миофибрилдердің құрылымдық-
функционалдық қысқарғыш бірлігі.
4. Қызметі: көлденең жолақты бұлшықет тінінің құрылымдық-функциялық қысқарғыш
бірлігі болып, дененің кеңістіктегі орнын ауыстырып, қозғалысты қамтамасыз ету
5. Орналасуы: саркомер
қаңқалық бұлшықет тін
скелеттік мускулатурада, тілде, өңештің
жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Препарат №6