Препарат құрылысы: Атауы: Бекітілген жасушалардыңпішіндері. Бояуы: Гематоксилин және эозин. Бояуына сипаттама


Атауы: Миосимпласт және миосателиоциттер жоғарғы қабаты  2. Бояуы



Pdf көрінісі
бет73/103
Дата02.11.2022
өлшемі6,09 Mb.
#46869
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103
Байланысты:
ГИСТА ПРЕПАРАТТАР 2-СЕМ толық

Атауы: Миосимпласт және миосателиоциттер жоғарғы қабаты 
2. Бояуы: жоқ 
3.Құрылысы. 
1-базальді мембрана; 2-плазмолемма; 3-симпласт ядросы; 3- миосателиоциттер ядросы; 5-
миофибриллалар; 6-түйіршіксіз ЭПТ; 7-митохондрия; 8-гликоген.
Бұлшықет талшығы сарколеммамен қоршалған және ол екі қабаттан тұрады: ішкі-типтік 
плазмолемма, ал сыртқы — жұқа дәнекер тіндік пластина-базальды мембрана 
Ядро - бұлшықет талшығының перифериясында орналасқан сопақ пішінді органоид 
Миофибрил – бұлшықет талшығының жиырылғыш аппараты болып саналатын цилиндр 
тәрізді талшықтар 
Түйіршіксіз ЭПТ – бұлшықет талшығының синтездік аппараты 
Митохондрия – миофибрил арасында және сарколемма астында орналасқан бұлшықетті 
энергиямен қамтамасыз ететін органоид 
Гликоген – миофибрил арасында орналасатын бұлшықеттің энергетикалық аппараты 
4. Қызметі: миосимпласт көлденең жолақты бұлшықет тінін құрап, дененің кеңістіктегі 
орнын ауыстырып, қозғалысты қамтамасыз етуге қатысады. 
Миосателиоцит – камбиалды резерв ретінде қаңқа бұлшықет тінінің физиологиялық және 
репаративтік регенерациясын қамтамасыз етеді 
5. Орналасуы: миосимпласт пен миосателиоцит бірігіп, қаңқалық бұлшықет тінінің 
құрамдасы ретінде скелеттік мускулатурада, тілде, өңештің жоғарғы бөлігінде орналасқан. 
Препарат №7 
Атауы:бұлшықеттердің сіңірмен байланысы 
2. Бояуы: Гематоксилин-эозин бояуы.х280 


3. Боялу ерекшелігі. көлденең жолақты бұлшықет талшықтары қара қызғылт түске 
боялған, ал коллаген талшықтары ашық қызғылт түске боялған 
4.Құрылысы.  
1-көлденең жолақты бұлшықет 
талшығы: 2-сіңірдің коллаген 
талшықтары
Бұлшықет талшықтары бұлшықет 
сіңірге өтетін жерде аяқталады. Мұнда 
олар сіңірдің коллаген 
талшықтарының байламдарымен 
байланысады. 
Байланыс аймағында коллаген 
талшықтары бұлшықет талшығының 
ұшындағы тар сарколемма түйіндеріне 
еніп, базальды мембранаға – 
сарколемманың сыртқы қабатына 
жабысады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет