1.
Атауы:Саркомер
2. Бояуы: жоқ
3.Құрылысы. 1-Z сызық; 2- М сызық; 3-актин филаменттері; 4-миозин филаменттері; 5-
титин фибриллярлы молекуласы.
Саркомер көрші екі
Z-сызықтар арасында орналасқан, миофибрилдердің құрылымдық-
функционалдық қысқарғыш бірлігі.
Әрбір саркомер толық А-дискіден және олармен көрші екі І дискілердің жартысынан
құралған.
Актин филаменттері – актин ақуызынан құралған жіңішке миофиламент
Миозин филаменттері – миозин ақуызынан құралған жуан миофиламент
Z сызық – α-актинин, Z-ақуыз және филаминнен құралған үш өлшемді күрделі тор.Ол
арқылы актин саркомер берік орнығады
М сызық – миомезин, креатинкиназа, С-ақуыздан құрылған тығыз тор кесіндісі. Оның
негізгі қызметі – саркомерге миозинді берік орнықтыру
Титин – серпінді қасиетке ие ірі ақуыз. Негізгі қызметі миозинді Z сызыққа бекіту
4. Қызметі: көлденең жолақты бұлшықет тінінің құрылымдық-функциялық қысқарғыш
бірлігі болып, дененің кеңістіктегі орнын ауыстырып, қозғалысты қамтамасыз ету
5. Орналасуы: саркомер
қаңқалық бұлшықет тін
скелеттік мускулатурада, тілде, өңештің
жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Препарат №4
1.
Атауы:Қаңқалық бұлшықетінің бойлық кесіндісі
2. Бояуы: жоқ
3.Құрылысы. 1-телофрагма; 2-саркомер; 3-митохондрия
Телофрагма немесе Z сызығы-бұлшықет талшығының миофибрилласының изотропты
дискісін көлденең бағытта кесіп өтетін жұқа бөлік
Саркомер көрші екі Z-сызықтар арасында орналасқан, миофибрилдердің құрылымдық-
функционалдық қысқарғыш бірлігі.
Митохондрия – миофибрил арасында және сарколемма астында орналасқан бұлшықетті
энергиямен қамтамасыз ететін органоид
Достарыңызбен бөлісу: