Бүлінген жерлерді анықтау үшін өсімдіктің түрлік құрамын
анықтаған кезде осы жерлердің
табиғи жолмен қалпына келу
тəжірибесін
ескеру
керек.
Сондықтан
рекультивация
жұмыстарын алдымен бүлінген жерлердің табиғи эволюциясын
зерттеуден бастау керек, соның нəтижесінде геожүйені
құнарландырылған ландшафтарға айналдыру мақсатында
өзгерген геожүйені оңтайластырудың тиімді əдістерін табу
керек [13].
Рекультивация бойынша алғашқы жұмыстар пайдаланылатын
жердің жетіспеушілігі жіті сезілетін жəне өнеркəсіптік өндіріс
өте
көп
шоғырланған
жерлерде
жүргізілді
[14].
Рекультивацияның
тарихи
фактыларының
бірін
Кнабе
сипаттаған - 1784 жылы Саксония
королі Фридрихтың бұйрығы
бойынша көмір өндіргеннен кейін пайда болған үйінділерде
қандағаш ағаштары егілген. Алайда 20 ғасырдың басына дейін
бұл жұмыстарды бірлі-жарымды деп қана санауға болады [15].
Ө
ңделген карьерлерді жабдықтау – Германияда топырақты қалпына
келтірудегі өте кең таралған бағыттардың бірі. «Rekultivierung»
(рекультивация) cөзінің өзі техногенді ластануды жою немесе
ландшафттарды қалпына келтіру ретінде қарастырылады. Аудандық
жобалау бағдарламасына сай (2002 ж.) тас қашалған орындар мен
карьерлерді (жұмыс аяқталғаннан кейін)
ары қарай пайдалану
кезінде оларды мүмкін болса бастапқы жағдайына дейін қалпына
келтіру немесе табиғи жəне мəдени ландшафтқа сай қалпына
келтіру ұсыналады
Украинада да рекультивацияға үлкен көңіл бөлінеді. Ұлы
Отан соғысы аяқталғаннан
кейін Донбасс террикондарын көгалдандыру бойынша тəжірибе жұмыстары
басталды. Қазіргі кезде Донецк жəне Донецк облысы əлемнің шахтерлер аудандары
бойынша абаттандыру, көгалдандыру, ауаның жəне
судың тазалығы бойынша
алдыңғы орындарға ие. Донецк ботаника бағының жəне Киев ауыл шаруашылығы
академиясының қызметкерлерімен террикондарда биологиялық рекультивация
жұмыстарын жүргізудің сенімді əдістері əзірленді, мұнда ағаш жəне бұталы
өсімдіктерді егу маңызды орын алады. Террикондарды
көгалдандыру қаланың
жасыл бөлігін құрайды жəне ауа мен суды ластаушы көзі болуын тоқтатты.
Ашық қазбалау жұмыстары үрдісінде үйінділердің беткі қабатына түсе отырып,
құрамында сульфидтер бар жыныстар өсімдік үшін уытты қосылыстар – күкірт
қышқылы, күкіртті тұздар мен алюминий түзе отырып, тотығады. Мұнда
рекультивация жұмыстарын жүргізу уытты грунттарды мелиорациялау немесе
қазбалау жұмыстарының көліксіз жүйесі технологиясын елеулі қайта құрусыз
мүмкін емес. 1966 жылдан бастап Кузбасста орман
рекультивациясы бойынша
жұмыстар басталды, шахталардың айналасында бірнеше мың гектар жерлерге
орман ағаштары егілді; Курск магнитті аномалиясының карьерлерінде (орман
ағаштары егіліп, жел эрозисына қарсы шөптер егілді),
Иркутск көмір алабында,
Амур облысындағы Райнчихинск қоңыр көмір кен орындарында, Оралдағы
қазбаланған драгалық полигондарда рекультивация жұмыстары жүргізілді.