Презентация Интерактивті тақта, PowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар. Днқ, рнқ молекулаларының модельдері; постер, оқулық, кестелер. Белоктарға сапалық түрлі түсті реакция


Ақуыздардың организмде атқаратын қызметтері



бет2/8
Дата18.05.2023
өлшемі39,02 Kb.
#94410
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақуыздардың организмде атқаратын қызметтері
Организмдерде белоктар әр түрлі қызмет атқарады: катализдік (ферменттер), реттегіш (гормондар) құрлымдық(коллаген, фиброин), қозғалтқыш (миозин), тасымалдаушы (гемоглобин, миоглобин)қорғағыш (иммуноглобулин, интерферон) және т.б. Белоктардың ішінде антибиотиктер және уландырғыш әсері бар заттар да кездеседі. Бұлшық еттін миозин белогы химиялық энергияны механикалық энергияға айналдырады.
Белоктар - жасушаларын мен жасуша компоненттерінің манызды құрам бөлігі, биоқабықшалардың негізі. Ол жасуша тіршілігінде оның химиялық әрекетінің материалдық негізін түзіп, маңызды рөл атқарады.Тірі организмнің барлық функциясы белокпен байланысты. Олар: бөліну, өсу қасиеттері, әр түрлі формалар түзуі,тұрақтылығы, қоршаған ортамен әрекеттесуі және т.б. Белоктар организмде өтетін барлық химиялық реакцияларға қатысып биокатализаторды, яғни ферменттер немесе энзимдерді жасап отырады. Белок молекуласы құрлымын төрт деңгейге бөледі. Бірінші реттік құрылым - (слаид №4)ақуыздардың полипептидті тізбек түрінде түзілуі, ол аминқышқыл қалдықтарының арасында пептидтік байланыстың түзілуімен сипатталады. Бірінші реттік құрылымда ақуыз молекуласында аминқышқылдарының орналасу реттілігі ДНК молекуцласындағы нуклеотидтердің орналасу реттілігімен анықталады.
Екінші реттік құрылым. (слаид №5) Бірінші деңгейдегі құрылымның спиральданған түрі. Бір орамдағы NH топтары мен келесі орамдағы СО топтары арасында түзілетін сутектік байланыстар арқылы орындалады және оралым ұсталып тұрады.
Үшінші реттік құрылым. (слаид №6) Екінші реттік құрылымды ақуыздың глобулаға жиырылу нәтижесінде түзіледі. Спиральды ақуыз екіге бүктелгенде шар тәрізді пішін түзіледі.
Төртінші реттік құрылым. (слаид №7) Өте күрделі, бірнеше шумақталған оралымынан құралады, яғни төртінші реттік құрылым бірнеше ақуыз молекулаларының қосындысы.
Ақуыздардың классификациясы. Химиялық құрамына қарай белоктар: қарапайым белоктар (протеиндер) және белоктар(протеидтер) класстарына бөлінеді. Қарапайым белоктар. Қарапайым белоктар гидролиздеу кезінде аммиак қышқылдарына ажырайды. Ақуыз гидролизі-ақуыздың бірінші реттік құрылымының бұзылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет