Презентация Интерактивті тақта, PowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар. Днқ, рнқ молекулаларының модельдері; постер, оқулық, кестелер. Белоктарға сапалық түрлі түсті реакция



бет3/8
Дата18.05.2023
өлшемі39,02 Kb.
#94410
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Денатурация-ақуыздың кеңістіктік құрылымының толық бұзылуы.
изолептин, лейцин, лизин, метионин, фенилаланин, треонин, триптофан, валин-аминқышқылдары
Химиялық қасиеттері. Белоктарға сапалық түрлі – түсті реакция жасау.Түсті реакция жасау арқылы заттың белоктық табиғатын анықтауға және құрамында кейбір амин қышқылдары бар екенін дәлелдеуге болады. Биурет – реакциясы.Несеп зәрін мочевинаны қыздырған кезде биурет NH2-CO-NH-CO-NH2 түзіледі, ол затқа мыс сульфатын ертіндісін қосса, сілтілік ортада күлгін түске айналады.
Қорытынды: Ақуыз біздің тағамымыздың негізгі бір бөлігі. Ақуыз ет, балық, жұмыртқа, сүт, нан, картоп, соя, бұршақ құрамында бар. Ақуыз адам денесінің 25% құрайды. Ағзаның ферменттері, гормондары- ақуыздар. Ақуыз жасушалардың құрылыс материалы болып табылады.Ағзаға енген ақуыздар ас қорыту ферменттерінің әрекетінен амин қышқылдарына айналады. Амин қышқылдары қанға сіңіп, жасушаларға жеткізіледі. Олардан ағза өзіне тән ақуыздарын синтездейді. Адам ағзасы 20 амин қышқылының 12 синтездейді. Қалған 8 ағзаға тағамдағы ақуызбен бірге дайын күйінде түсуі керек. Оларды алмастыруға болмайтын аминқышқылдары деп атайды. Олар: изолептин, лейцин, лизин, метионин, фенилаланин, треонин, триптофан, валин.(слаид №10) Сонымен қатар ақуыздар энергия көзі ретінде де қолданылуы мүмкін. 1 г ақуыздың ыдырауынан 17,6 кдж энергия бөлінуі мүмкін. Адамның ақуызға тәуліктік қажеттілігі 80-150 г. Артық ақуыз көмірсу және майға айналып отврады. Бірақ көмірсу да, май да ақуызға айнала алмайды.
ІV. Жаңа сабақты бекіту. Сұраққа жауап беріңдер:
1. Ақуыздардың құрамына қандай элемент атомдары кіреді?2. Ақуыздар неліктен полимерлерге жатады?
3. Ақуыздар молекуласының құрамына қанша аминқышқылы кіруі мүмкін?
4. Ақуыз молекуласындағы аминқышқылдарының қалдықтары өзара қандай байланыстармен жалғасады?
5. Ақуыз молекулалары құрылымдарының айырмашылықтары неде?
6. Біріншілік деп ақуыздың қандай құрылымын айтады?
7. Ақуыздың екіншілік құрылымын құруға қандай байланыстар қатысады?
8. Ақуыздардың үшіншілік құрылымына жауапты қандай байланыстар?
9. Ақуыздардың қай құрылымы ең берік екенін түсіндіріндер.
10. Ақуыздар тірі организмде қандай функциялар атқарады?11. Адам неге ақуызсыз- тамақсыз күн көре алмайды?
12. Ақуыздардың биологиялық сәйкессіздігі неліктен болады деп ойлайсындар?
13. Өсімдік текті белоктардан гөрі жануар текті белоктардың құнарлы болуы неліктен?
14. Ақуыздарға қандай химиялық қасиеттер тән.15. Ақуыздар гидролизденгенде қандай өнімдер түзіледі?
1-тапсырма. Белоктардың адам организмде атқаратын қызметіне байланысты төмендегі кестені толтырыңыз:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет