Мультимедиялық оқу презентацияларын жасау ережелері
1. Презентация жасау кезінде әдетте жіберілетін олқылықтар мен
қателер
Электронды презентацияларды жасау
кезінде олардың тиімділігін
төмендедетін әдетте жіберілетін олқылықтар мен қателер ретінде
төмендегілерді атауға болады:
- Жобаның
атауы немесе сабақтың тақырыбы, автор туралы мәлімет,
жасалған күні, ақпарат алынған көздер және т.б.
жазылатын
слайдтың
алғашқы бетінің (титул) болмауы.
- Тақырыптың
мақсаты мен
міндеті,
мазмұнының
қысқаша
сипаттамасы жазылған
кіріспе бөлімінің болмауы.
- Презентацияның
бөлімдеріне
сілтемесі
бар
тақырыптың
мазмұнының болмауы.
- Презентацияның логикалық тұрғыдан аяқталмай қалуы:
қорытынды,
шешім болмауы.
- Оқу презентациясының соңғы бөлімінде құрылымдық элементтерінің
болмауы:
аудиторияда
орындауға
арналған
сұрақтар
мен
тапсырмалар, үйге берілген тапсырмалар.
- Слайдта нақты мәтіндік ақпараттың болмауы (үш шағын деректер, бір
маңызды дерек).
- Слайдтағы кеңістікті орынды қолдана алмауы.
- Презентацияның фоны мен мазмұнының сәйкес келмеуі.
Стиль мен безендіру кезінде жиі кездесетін қателер:
- Оқу үдерісінде болмауы тиіс орфографиялық және стильдік қателер;
- Стильдік бірліктердің болмауы:
- барлық тақырыптарға бірдей шрифт көлемі мен гарнитурасы (24
тараушадан аз болмауы керек);
- мәтіндегі шрифт көлемі мен гарнитурасы
бірдей болуы керек
(18 тараушадан аз болмауы керек);
- тақырыптар, беттің нөмірленуі эранның бір орнында тұруы тиіс;
- барлық беттің түсі бірдей болуы керек және т.б.
- Түстердің дұрыс таңдалмауы: тым ашық түстердің
қолданылуы,
дизайнда үш түрлі түсті қолдануы (мәтіннің түсі, фонның түсі,
тақырыптың түсі); ашық түсті мәтінде қою фонның қолданылуы;
- Бір презентация ішіндегі әр слайдқа түрлі фон қолданылуы;
-
Слайдтағы жиектердің болмауы;
- Нашар түсірілген фотолар мен суреттердің қолданылуы;
- Times секілді шрифттердің қолданылуы;
- Мәтіндегі әр түрлі көлемдегі әріптердің қолданылып, бірізділіктің
болмауы;
-
Фон мен мәтіннің кереғарлығы;