Ақпаратты таныстыру Ақпаратты таныстырудың көлемі мен түрлері: - Ақпаартты баяндаудың қысқа түрі ұсынылады.
- Бір слайдқа шамадан көп ақпарат салуға болмады: адам бір мезгілде
үш дерек, шешім, анқытама қабылда алады.
- Оқу презентациясының бір слайды 1,5-2 минутқа есептеледі.
- Маңызды бөлімдер түсінікті болуы үшін әрқайсысы бөлек слайдқа
жасалады.
- Слайдта бір бірін толықтырып тұратын түрлі ақпарат болғаны жөн
(мәтін, сұлба, диаграмма, кесте, суреттер).
- Тақырыптар қысқа болып, аудиторияның назарын бірден
аударатындай болуы керек.
- Мәтін жазған кезде қысқа сөздер мен сөйлемдер қолданылғаны
абзал.
- Шылау, үстеу, сын есімдерді аз қолданған жөн.
- Кесте көрсеткен кезде бағандар мен жолдарды аз қолдану керек.
- Барлық ақпарат орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық
тұрғыдан қатесіз болуы тиіс.
- Оқу материалын берген кезде кезеңділік сақталып, ақпарат бір
слайдтың бірнеше жерінде көрініс табуы мүмкін немесе келесі сладйта
жалғасы ретінде берілуі мүмкін.
- Презентация баяндамада айтылатын ойды көрнекілік ретінде
толықтырып тұруы керек. Баяндама жасалған кезде басты бөлігі
болмауы тиіс, алайда материалды толық қайталамауы қажет.
Слайдтағы ақпараттық блоктардың орналасуы - Слайдтың құрылымы барлық презентацияда бірдей болуы керек.
- Слайдтар мен презентациялардағы ақпараттың логикасы оның
мазмұнына сай болуы тиіс.
- Маңызды ақпарат экранның ортасында орналасуы қажет.
- Слайдтағы ақпараттық блоктар тым көп болмауы керек (аз дегенде
үш, көп дегенде бес).
- Бір ақпараттық блоктың көлемі слайдың ½ бөлігіне тең болғаны
дұрыс.
- Ақпараттық блокты көлденең, мағыналас блоктар – солдан оңға
қарай.
- Түсірдірмелі жазу суреттің, фотоның, диаграмманың, сұлбаның
соңында жазылуы керек.