Дыбыстық сүйемелдеуді қолдану ережесі
- Дыбыстық сүйемелдеу слайд, презентация тақырыбының маңызы мен
ерекшелігін көрсету керек, ол негізгі (маңызды) ақпараттан назарды
бөлмеу керек. Егер музыкалық немесе дыбыстық сүйемелдеудің
мағынасы болмаса, оны мүлдем қолданбаған жөн.
- Егер ол фондық әуен болса, тыңдаушылардың назарын бөлмей,
баяндамашының сөзінің естілуіне кедергі келтірмеуі қажет. Фондық
сүйемелдеу ретінде бейрелевант дыбыстарды (әуен, ән) қосу, білім
алушылардың шаршаңқы сезімін тудырады.
- Дыбыс барлық тыңдаушыларға естілетіндей оңтайлы таңдау керек.
- Мультимедиялық блоктар (бірінші кезекте дыбыстық) презентацияда
бір мезгілде бірнеше комьютерде отырған тыңдаушыларға көп
қолданылмайды (компьютер сыныбында).
- Сонымен қатар, баяндамашы сөз сөйлейтін кезде дыбыстық
сүйемелдеулерді мұқият қолданған жөн.
- Презентацияны дыбыстаудың негізгі ережесі: нақты уақыт кезінде
дыбыс тек бір жерден шығу керек (презентациядан немесе
баяндамашыдан).
Анимациялық әсерлер
Слайдта ақпаратты көрсету үшін компьютерлік анимацияларды
қолданған жөн. Бірақ шамадан тыс әсерлерді қолданбау керек, ол
аудитория ішінде жағымсыз әсер тудырады.
- Анимация жақсы ойластырылған, қысқа болуы керек:
- динамикалық үдерісті көрсету үшін;
- тыңдаушылардың назарын аудару үшін, аудиторияда жақсы орта
қалыптастыру үшін;
- мәтіннің анимациясы қабылдауға жеңіл болып, білім алушылар оқып
үлгеретіндей болуы тиіс.
- Анимация тым тез болмауы керек. Балалар мен жасөспірімдерге
арналған презентацияларда тігінен және көлденең эффектілерді
қолдануға болмайды.
- Адамның түпсанасына мультипликация үлкен әсер етеді. Оның жай
видеоға қарағанда, әсері көбірек. Ашық, нақты, тез ауысатын
бейнелер түпсанаға тез жатталады.
- Алайда осы жағдайда мыналарды ескерген жөн: әрбір бейрелевант
қозғалатын нысан материалды қабылдауға кері әсер тудырады,
назарды бөледі.