Фонды қолдану ережесі
- Фон
екінші жоспардағы элемент болғандықтан, ақпаратты
нақытылап, оны жаппауы керек.
- Ақ түске қарағанда, жеңіл ашық түстер жақсы үйлеседі.
- Фонға салқын түстер жақсы келеді.
- Әрбір белсенді фондық сурет көзді шаршатып, материалды қабылдау
тиімділігін түсіреді.
- Слайдтың дизайнын жасаған кезде мәтіннің анық көрінуіне мән
берген жөн.
Мәтіндік ақпараттарды қолдану ережесі
Ұсынылмайды:
- мәтінді шамадан тыс көп қолдануға;
- түгел мәтін блоктарын қолдануға;
- сөздерді буынға бөліп қолдануға;
- жазу мен мәтін блоктарын тігінен қолдануға;
- слайдтағы мәтін оқытушы айтып тұрған мәтінді қайталамауы тиіс.
Ұсынылады:
- мәтіннің ақпараты нақты, мазмұны қысқа және түсінікті болуы керек:
қысқа тезистер, есімдер, күндер, терминдер, мәтіннің негізгі тірек
сөздері;
- қысқа сөздер мен сөйлемдер, шылаулар, үстеулер, сын есімдерді аз
қолдану;
- тұтас мәтін орына сандарды қолдану;
- кестелі материалдарды қолдану;
- мәтінді безендірудің жалпы ережелерін пайдалану;
- мәтіннің, әріптердің бірізділігі;
- мәтіндік ақпараттардың көлденең жазылуы;
- әрбір ереже, идея мәтіннің арнайы азат жолы арқылы көрінуі тиіс;
- азат жолдың негізгі идеясын азат жолдың басына жазу,
- егер слайдта тек тақырып, сурет болса (фото сурет, диаграмма, сұлба,
кесте) жақсы безендірілген болып есептеледі.
Шрифтерді қолдау ережесі
Презентациядағы ақпаратты жазу кезінде төмендегідей ережелерді
ұстанған дұрыс:
- бір презентацияда түрлі әріптерді қолдану ұсынылдмайды;
- алыстан жақсы көрінетін (Arial, Tahoma,Verdana) секілді шрифт
түрлерін қолданған дұрыс;
- негізгі мәтінге үлкен шрифтерді қолданған жөн;
- тақырыпқа декоративті шрифті қолдануға болады;
- мәтін жақсы оқылуы тиіс (алыс орында отырғандардың өзі оны оқи
алуы керек);
- ұсынылатын шрифт көлемі: тақырыптарға – 32-50 аралығында,
орташа – 36, негізгі мәтіндерге – 18 -32 аралығында, орташа – 24.
- маңызды ақпаратты ерекше белгілеп көрсету керек;
- ақпартты ерекшелеп көрсету үшін курсив немесе жартылай қою
шрифт қолданған жөн;
- Ерекшелеу көбінесе гиперсілтемелерге қолданады.
|