Презентация жоспары Кіріспе Репрессияның басталу себептері Репрессия құрбаны болған қазақ зиялылары



бет6/6
Дата07.01.2022
өлшемі3,96 Mb.
#18152
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

Міржақып Дулатов

«Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, , содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді

Репрессия салдары

Әлеуметтік зардабы ол қазақ санының азаю еді. Кеңес үкіметінің орнаған алғашқы күніне бастап-ақ үзіліссіз жүргізіп отырған бұл шараның қанды шеңберіне қоғамның саяси өміріне белсенді түрде араласқан адамдардың барлығы да іліккен еді. Сондықтан бұл қанды террордың зұлматы зардабынан қазақ халқының ұлттық даму демографиялық детерминизм, яғни амалсыз санға тәуелділік жағдайында қалып қойды. Жазықсыз жазаланғандар саны әлі күнге дейін әртүрлі мөлшерде айтылады. 1937-1938 жылдары 1 миллион адам атылып, 2 миллион адам тұтқында өлген. М.Тәтімов “Зұлматтың ауыр зардабы” атты еңбегінде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмеде, ал оның 22 мыңы атылған деп айтады. 1936-1938 жылдар арлығында 29 әртүрлі “контрреволюциялық ұйымдар” ашылып, 1937-1938 жылдары 160 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған.

Репрессия салдары

Қуғын-сүргінге негізделген саяси жүйе орнаған елде дені сау адамдардың өзін-өзі өлтіруі жиі кездеседі, 1930-1950 жылдары КСРО көлемінде жетекші қайраткерлердің өзіне-өзі қол жұмсауы жиі кездескен. Қазақстанда қалыптасқан ауыр саяси жағдайдан туындаған психологиялық күйзеліс салдарынан адами құндылықтар қатары сиреп, нәтижесінде өзін-өзі өлтіру адамдар арасында жиі кездескен. Заманында ұлт азаттығы жолында халқына қалтқысыз қызмет еткен зиялыларымыз болашақ тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қаласты. Сондықтан да тәуелсіздік жолында күрескен ұлттық зиялыларымыздың есімдері ұлттық мүдде жолындағы белсенді қоғамдық-саяси қызметі бүгінгі тәуелсіз Қазақстан тарихының қасиетті төрінен орын алуы керек.

қорытынды

Қазақ даласын атақты жəне адал азаматтарынан айырған сталиндік геноцид Ақпан жəне Қазан төңкерісітер кезеңінде 2-ге бөлінген қазақ интеллигенциясын жойып жібергендігі тарихи ақиқат. Сондықтан, бүгінгі күнде саяси репрессия тақырыбын əлі де болса тереңірек зерттеп, жаңа ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғаннан кейін, 1997 жылы «31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми түрде жарияланды. Бұл жас ұрпақ бойына отаншылдық сезімін ұялатуға, тарихтың «ақтаңдақ беттерін» зерделей отырып, өшкенді жаңғырту, қоғамдық жүйені парасаттылық тұрғысынан пайымдау үлгілерін танытуға мүмкіндік береді.

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет