Презентация «Микробиология, вирусология және иммунология»



бет3/6
Дата31.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#63988
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
микробио 1 СРС (копия)

Туберкулез көбіне өкпені зақымдайды. Туберкулезді инфекция үшін ЖСБТ реакциясы тән. Терішілік туберкулинді енгізу арқылы анықтайды (Манту сынамасы). Бұл сынаманы жүргізу үшін туберкулездің микобактериясынан РРД тазартылған ақуыз препаратын қолданады.

Резистенттілігі

Микобактериялар спора түзбейтін бактериялар арасында қоршаған ортадағы қолайсыз факторларға тұрақты болып келеді. Қоршаған ортада ұзақ сақталады. Күн сәулесі жоқ жерде бірнеше айға дейін, ал күн шуақта айға дейін сақталады. Күншуақта 1-1,5 айда жойылады, суда 5 ай, шаңда 10 күн, кітап бетінде 3 ай, майда 10 ай, сырда 8 ай, қақырықта 10 айға дейін сақталады.

Күн сәулесі тік түссе 1,5 сағат, ультракүлгін сәуленің әсерінен 2-3 минутта, ылғал қақырықты қайнатқанда 5 минут, құрғақ қақырықты 25 минут қайнатқанда жойылады. Активті хлор бөлетін қоспалар M.tuberculosis-ті 3-5 сағатта жояды.

Микробиологиялық диагностикасы

Туберкулезді зертханада дәлелдеу үшін әдетте зәрді, қақырықты, бронхтарды шайған суды, ми-жұлын сұйықтығын зерттейді.Зерттелетін материалды “байыту” үшін әртүрлі әдістер қолданылады:

  • Бактериологиялық;
  • Серологиялық;
  • Биологиялық ;
  • Бактериоскопиялық;
  • Молекула-генетикалық;

Емдеу шаралары

Антибиотиктер қолдану туберкулезбен ауырғандарды емдеудің негізгі әдісі болып табылады. Туберкулезге қарсы препараттарды әсер дәрежесі бойынша үш топқа бөледі:

  • А тобы - изониазид, рифампицин;
  • В тобы - пиразинамид, флоримицин, этамбутол;
  • С тобы - пара-аминосалицил қышқылы және тиоацетозон тағайындалады.
  • Туберкулезді емдеудің жаңа бағыты - моноклонды антиденелерді, антибиотиктерді қажетті ағзаларға тасымалдау үшін қолданылады. Бұл әдіс препараттардың улылығын төмендетеді және емдеу әсерін жоғарылатады.

Алдын-алу шаралары:

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы кешенді шаралар қолданады.Тірі вакцинаны енгізу жолымен спецификалық сақтандыру іске асырылады. Жаңа туылған балаларға (3-5-7 күннен кейін) ревакцинациялау 7, 12 және 17 жаста тері ішіне егу арқылы жүргізіледі. Ревакцинация алдында Манту сынамасы жүргізіледі. Реакция оң болса, ревакцинация жүргізбейді. Әлсіз балаларға реактогендік белсенділігі төмен BCG-M вакцинасын енгізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет