Презентация Орындаған: Ахметова Гүлсезім Тобы: жмка-01-22 Қабылдаған: Жумашев С. Шымкент-2023



бет2/3
Дата24.11.2023
өлшемі3,97 Mb.
#125601
түріПрезентация
1   2   3

Бүйір қарыншалары өте үлкен ,кең болады. Жаңа туған нәрестенің миының сұр заты ақ заттан нашар бөлінген,яғни нерв клеткалары негізінен ақзатта орналасады.Жасқа байланысты орналасу топографиясы,түрі,салалардың ,қатпарлардың саны мен көлемі өзгереді.Әсіресе,бұл процестер алғашқы бірінші жылда қарқынды жүреді.Сонымен,мидың жарты шарларының аумағы 10-11 жасқа келгенде 1,2 есе,сайлардың ұзындығы 2есе,қабық көлемі 3,5 есе үлкейеді екен.

Бала неғұрлым жас болса,соғұрлым нерв жүйесінің өсу қарқыны тез жүреді.Әсіресе, бірінші үш айда өте тез өседі.Нерв клеткаларының жіктелуі 3 жасқа дейін жүреді,ал мидың қабығы 8 жаста құрлысы бойынша ересек адамның ми қабығына ұқсас болады.

Ми қабықтары пайда болған кезде ми қарыншаларда қалыптаса бастайды.Оң және сол мидың жарты шарларында I және IIқарыншалар анық-талады.Орталық мидағы қуыстар каналға,Uжүргізгішке (сильвив) айналады. Нерв жүйесінің даму барысында мидың құрамында да әжептәуір өзгерістер болады.Судың мөлшері азайып,белок,нуклейн қышқылы, липо-протейдтер ми құрамында көбейеді. Липо-протейдтердің көбеюі тек мидың ақ затында байқалады.

Балаларды жасына б ң айланысты мидың химиялық құрамы(Салмағының пайызы есебінен)(А.В. Мазурин,И.М.Варонцов 1985)

Жаңа туған сәбиде мидың қатты қабығы жұқа,бассүйек негіздерінің сүйектеріне жабысқан болып келеді. Ересек адамдармен салыстырғанда көктамыр қуыстары жұқа қабатты және жіңішкелеу.Жұмсақ және торлықабаттары өте жұқа,субдуралды,суборохнойдалды кеңістіктер кішкене болады. Жұлын бойында екі жуандау жері болады-біреуі мойын,екіншісі бел бөлігінде.Осы жерлерден көптеген қуатты түбірлер шығады.Олар қол мен аяқтың шеттік нервтерін құрайды.Жұлында ми сияқты 3 қабықпен оралған. Ұрықтың 4-ші айлығында жұлынның әрбір сегменті алдыңғы және артқы түбірлер жұбымен аттас омыртқаның тұсына сәйкес келеді,ал жұлын жұлын каналында орналасады.

Ұрықтың,ал кейін баланың өсуіне байланысты,жұлын каналы жұлынға қарағанда тезірек өседі.Сонымен қатар,жұлын сегменттері мен омыртқалардың қалпы әжептәуір өзгерістерге ұшырайды.Жаңа туған сәбидің жұлыны III бел омыртқаның төменгі жиегіне жетеді,ал ересек кісінікі- II бел омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында орналасады.Түбірлер тесіктерден шыққандықтан,осыған сәйкес түбірлердің бөлінген жері мен омыртқа каналынан шығатын жерге дейігі жолы ұзарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет