Презентация Орындаған: Ахметова Гүлсезім Тобы: жмка-01-22 Қабылдаған: Жумашев С. Шымкент-2023


Балаларды жұлынының салмағы мен ұзындығы



бет3/3
Дата24.11.2023
өлшемі3,97 Mb.
#125601
түріПрезентация
1   2   3

Балаларды жұлынының салмағы мен ұзындығы

Бала өмірге келген қарсаңында мидың тамыр жүйесі ересек адамдардыкіне сырттай ұқсас болады.Ми қанмен 4 артерия жүйесімен қамтамасыз етіледі.2-уі ішкі ұйқы артериясы және 2 омыртқа артериясы.Сол жақ ми қан тамырлармен жақсырақ қамтамасыз етілген,себебі сол ұйқы артериясы қолқа доғасынан бөлінеді. Ересек адамдарға қарағанда ұрық пен жаңа туған сәбидің ми бетіндегі тамыр ұштастары (анастомоздар)саны көп болады.Өмірінің бірінші жылы еңбегі жабылғанға дейін,еңбегі жабылғаннан кейінгімен салыстырғанда,мидағы қан айналу өзгеше болады.Сәбидің миы қатаймаған бас сүйекпен бірге солқылдап,қозғалып тұрады.Ол тыныс және жүректің түрткі соғысына сәйкес келеді.

Бас сүйегі мен мидың даму ақаулары: Экзенцефалия- бастың күмбезінің сүйектері және жұмсақ жамылғы тін жоқ болады(акрания).Осыған байланысты мидың жұмсақ қабығымен жабылған үлкен жарты шарлар бөлек түйін сықылды томпайып тұрады. Бас сүйегімен мидың жарығы -бас сүйегінің мүкіс аймағында жарық томпайып шығып тұрады.Негізінен бас сүйектері қосылатын жерде байқалады:маңдай сүйектері арасында,мұрын негізінде,самай сүйегі мен төбе сүйегі аралығында.

Үлкен мидың қыртысының дамуы барысында ересек адамдарда, нәрестемен салыстырғанда, нейрондар сиректеу орналасады, бірақ жасушалардың жалпы саны өзгермейді. Адамның өмірі ұзарған сайын нейрондардың саны біртіндеп азая бастайды. Жүйкелік жасушалардың санының азаюы егде тарқан және қартайған адамдарда қарқынды жүреді. Бас миының қыртысында зиянды әсерлердің салдарынан тез зақымдалатын жасушаларға үлкен көлемді пирамида тәрізді, ал мишықта алмұрт тәрізді нейрондар жатады.

Қорытындылай келгенде жүйке жүйесі адам денесіндегі барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін басқарып,оның әр –түрлі өзгерістерге бейімделуіне,тіршіліктің қалыпты жүруін қамтамасыз ететін аса маңызды жүйе болып табылады. Сонымен қатар, адам даму сатысында көптеген өзгерістер болу нәтижесінде жас бала мен ересек адамның организімінде көптеген айырмашылықтар мен ерекшеліктербайқалады.

Пайдаланылған әдебиеттер Гистология. Оқу құралы төрт бөлімді/ Ж.О.Аяпова. Алматы: «Кітап» баспасы. -2005. Гистология, цитология және эмбриология атласы медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. /Р.Б. Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И. Юй. – Алматы: «Эффект» баспасы, 2006. Гистология. Оқу құралы. Ажаев С.А. Төрт бөлімді. Кентау: Еркін и К – ХХ1, 2004. Цитология, жалпы эмбриология және гистология негіздері. Рысұлы М., Омаров К. / ҚР БМ Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті. – Алматы: Ғылым, 1996. Афанасьев Ю.И. и Юрина Н.А. Гистология, цитология и эмбриология – 6-е изд. –М.: Медицина. 2012.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет