Презентация Шерубаев Нұржан 1-курс Аударма ісі


Мәтін түрлері мынадай болып келеді



бет7/7
Дата31.12.2021
өлшемі15,92 Kb.
#22197
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Оспанов Еділбай Төлеубайұлының «Академиялық жазылым» кітабы бойы-melimde.com

.

Мәтін түрлері мынадай болып келеді:


  • оқулық;

  • газет мақаласы;

  • журнал мақаласы;

  • баяндама;

  • онлайн құжат;

  • кесте, сурет, сызбалар.

    Уақытты үнемдеу мен тиімділікті арттыру үшін кез келген студент өзінің оқылым стратегиясын қалыптастыруы шарт . Оқылым стратегиясын арттыратын амалдарға мыналарды жатқызуға болады :


  • Оқу жылдамдығы ;

  • Негізгі сөздер мен тіркестерге шолу жасау ;

  • Параграфтарға шолу жасау .

    .

    Зерттеу - Мәтінді оқымас бұрын тақырыбын , тақырыпшаларын , мәтіндегі сурет , сызба , кесте астындағы сөздерді , мәтіннің кіріспесі мен қорытындысын және оның түйіндемесін мұқият оқып , зерттеп алу керек.

    Сұрақ қою – Тақырыпты сауалға айналдыруға тырысу керек. Егер оқулық болса, бөлім соңындағы сұрақтарды оқыған дұрыс . «Мен бұл тақырып туралы осы кезге дейін не білемін ?» және «Бұл тақырып туралы дәрісте не айтылды?» деген сұрақтарды үнемі өз – өзінен сұрап отыру керек.

    Оқу – Оқылым әрекетін бастаған кезде асты сызылған , қара мен жазылған немесе курсивпен жазылған сөздерге мән беру қажет . Себебі, автор негізгі ойлары мен қажетті ақпараттарды ерек-шелеп беруге тырысады . Мәтіннің қиын бөліктерін ақырын оқыған жөн (тек үнемі ақырын оқу дұрыс емес ). Түсініксіз сөздерді түсіну үшін түсіндірме сөздіктерді қолдануға болады, тек ӘР БІР СӨЗДІ тексеру қажет емес . Жалпы мағынасын контекс арқылы түсінуге тырысқан жөн . Басты мақсат зерттеу сауалының жауабын іздеу екенін ұмытпау керек .

    .

    Дауыстап оқу – Әрбір бөлімнен соң ДАУЫСТАП қазір ғана не оқығаныңызды өз – өзіңізден дауыстап сұрау керек . Әрбір бөлімге бір сөйлеммен қорытынды жазуға тырысу қажет . Қажетті деген сөздердің астын сызып және оларға түртпе жасаған ( немесе басқа қағазға толық сілтемесін көсете отырып жазып алу ) жақсы көмектеседі.

    Қайталау - Оқығынды қайталау үшін мынадай амалдарды орындау қажет. Бірінші, мақаланы немесе болімді толық оқып болған соң қысқаша қорытынды жазу керек . Бұл қорытындыны мәтінмен бірге сақтап , мақаланы оқуды ешқашан ауызша және жазбаша қысқаша түсінгенін қайталамайынша аяқтамау керек. Емтиханға дайындалу барысында , оқулықтарды қайта оқып шығуға тура келеді .

    Қорытыңдалай келе , оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына кеңестерді есте сақтау қажет :

    Қорытыңдалай келе , оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына кеңестерді есте сақтау қажет :


  • Мәтінді жылдам және түсініп оқу жанрына байланысты екенін ұмытпау;

  • Оқылым стратегиясын жетілдіру ;

  • Әрбір сезді басынан бастап қайталап оқудың тиімсіз екенін ескеру ;

  • Тақырыпты оқып , ол туралы осыған дейін білетін ақпарат тар туралы ойлану ;

  • Алдымен мәтінге көз жүгіртіп шыгу ;

  • Кіріспесі мен қорытындысын оқып шығу .

    Академиялық хат әдіскерлері ұсынатын Еуропалық зерттеулер(European Studies) бағдарламасындағы эсселерді бағалау критерийлері


  • 1. Тақырыпты түсіну және оған деген көзқарас

  • 2. Мәтіннің құрылымы және ұйымдастырылуы

  • 3. Фактілі материал және оқу

  • 4. Дәлелдеу және қорытынды

  • 5. Пән аясын қамту

  • 6. Стиль мен сауаттылық

  • 7. Тақырып пен материалды ұсыну

  • 8. Басқа түсініктемелер

  • 9. Жалпы бағалау

  • 10. Әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар

    НАЗАР САЛЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

    http://melimde.com




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет