Иммундық жүйе қалыпты жұмыс істеу үшін дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттер-ден аулақ болу керек. Айта кететін маңызды жағдай дұрыс тамақтануға қатысты. Ол дегеніміз тек қана дер кезінде тамақтанып тұру емес, сол тағамның құнарлылығы. Тағамдардың құнарлылығы табиғи түрлерінде ғана толықтау болады.
Иммундық жүйенің орталық бөлімдеріне:
жілік майы, тимус жатады.
Шеткері болімдеріне: талақ, лимфа түйіндері жатады.
Иммундық жүйенің патологиясы
Иммундық жүйе бұзылуының екі түрі әйгілі:
1.Иммундық жауап механизімінің көрсеткіштерінде бір немесе бірнеше ақаулық байқалса оны иммунды тапшылық,не иммунды дефицит деп атайды.
2.Имунды механизмнің шеттен тыс белсенділігінің себебінен аллергиялық,не аутоиммундық аурулар дамуы.Аталған түрлерге қосымша ерекше орналасқан иммунды пролиферативті сырқаттар болуы мүмкін.
Иммундық тапшылықты жағдайлар
Иммундық жүйенің бір немесе бірнеше құрамбөлшектерінің болмауынан организмнің жұқпаларға төзімділігі төмендеуімен көрінетін жағдайларды иммундық тапшылықты жағдайлар дейді. Иммундық тапшылықты жағдайларды (ИТЖ) туа біткен (біріншілік) және жүре пайда болған (салдарлық)-деп екіге ажыратады. Туа біткен ИТЖ ұрпақтан ұрпаққа тарайтын тұқым қуалайтын негізде дамиды. Салдарлық ИТЖ әртүрлі дерттер кездеріндегі организмнің өзінде пайда болған – эндогендік және адамды қоршаған ортаның химиялық заттармен немесе иондағыш сәулелермен т.б. ластанулары нәтижесінде сырттан әсер ететін ықпалдардан пайда болған – экзогендік болып ажыратылады.
Туа біткен (біріншілік) иммундық тапшылықтар.
Иммундық жүйеде тұқым қуалайтын тектік ақаулардың нәтижесінде организмнің қорғаныстық қабілетінің бұзылуынан дамитын аурулардың тобын туа біткен иммундық тапшылықтық –дейді. Иммундық жүйенің басым бүлінген бөлшегіне қарай біріншілік иммундық тапшылықты: - иммунитеттің жасушалық тетіктерінің басым бүліністерімен көрінетін иммундық тапшылық; - иммунитеттің сұйықтық (гуморалдық) тетіктерінің басым бүліністерімен көрінетін иммундық тапшылық; - осылардың біріккен бүліністерімен көрінетін иммундық тапшылық;