Презентация Тақырыбы: Иммундық жүйенің патологиясы. Иммундық тапшылық жағдайлары және оларды стоматологиялық практикада анықтау әдістері



бет3/7
Дата14.09.2023
өлшемі270,8 Kb.
#107724
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
микро 7срс (1)

Иммундық жүйе

  • Иммундық жүйе- бұл Аг- ді танып, арнайы реакцияны жүргізетін иммуноциттерден және осы жасушаларды өндіруге қатысатын мүше және тіндердің жиынтығын қамтитын жүйе.
  • Иммундық жүйенің орталық бөлімдеріне: жілік майы, тимус жатады
  • Шеткері болімдеріне: талақ, лимфа түйіндері жатады.

Иммундық жүйеге әсер ететін факторлар:

  • Климат-географиялық
  • Әлеуметтік
  • Экологиялық(физикалық,химиялық,биологиялық)
  • Медициналық(әртүрлі дәрілік препараттар қолданғанда,стресс,операциялық жағдайлар)

Климат-географиялық факторларға:температура,ылғал,сәуле-лік радиация,ұзақ күн сәулесі жатады.Мысалы фагоцитарлық реакция және терілік аллергиялық проба көбіне солтүстік аймақтың тұрғындарында оңтүстікке қарағанда жиірек кездеседі.

Климат-географиялық факторларға:температура,ылғал,сәуле-лік радиация,ұзақ күн сәулесі жатады.Мысалы фагоцитарлық реакция және терілік аллергиялық проба көбіне солтүстік аймақтың тұрғындарында оңтүстікке қарағанда жиірек кездеседі.

Әлеуметтік фактордың иммундық жүйеге әсері –тамақтану жағдайына,тұрмыс жағдайына ,мамандығына байланысты болады.

Иммунды тапшылық жағдай

Иммунды тапшылық жағдай дегеніміз-иммундық жауап механизмдерінің бір немесе бірнеше ақаулығына байланысты өзгеретін иммундық статус.Организмнің клеткалық және гумаральдық белсенділігінің төмендеуінен пайда болады.ИТЖ-жағдайының қалыптасу түрлері:

  • Физиологиялық
  • Біріншілік (тұқым қуалайтын)
  • Екіншілік (Жүре пайда болған)

Физиологиялық иммунды тапшылық жағдай түрлері:

  • Туа пайда болған
  • Екі қабат кезінде
  • Қартайған шақта

Туа пайда болған иммунды жеткіліксіздік

Дені сау бала туылғанда оның қанының құрамында анасының IgG және аз деңгейде IgG,IgM,IgA кездеседі.Иммуноглобулин анасынан беріледі яғни әртүрлі микробқа және антигендерге қарсы антидене түзіледі.кейін анасының иммуноглобулині біртіндеп төмендейді,туылған соң 2-3 айында максимальды дефицит байқалады.Осыған байланысты балада меншікті иммуноглобулин деңгейі қанда біртіндеп көбейе бастайды.IgМ саны баланың бір жасында қалыпты деңгейге келеді.6-8 жаста IgG1 жәнеIgG4 ,10-жаста IgG, 12 жаста-IgG2 пайда болады.Ал IgE қалыпты консентрациясы туылғаннан кейінгі 10-15 жаста қалыптасады.Ал секреторлы IgA туа жоқ болады ол бала туылғаннан соң 3-айда қалыптасады.Секреторлы IgA-ның оптимальды консентрациясы 2-4 жаста қалыптасады.Плазмалық IgA-ның деңгейі 10-12 жаста қалыптасады.Ал туа пайда болған иммуножеткіліксіз кезінде перифериялық қанда лимфациттердің құрамы жоғарылайды бірақ оның активтілігі төмен болады.Фагацитоз және комплемент жүйесі төмендейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет