майда қан тамырлары қабырғаларының, бүйрек, асқазан – ішек жолдарының зақымдануымен және тромбтың пайда болуымен сипатталатын иммунопатологиялық ауру.
С е б е п т е р і әлі күнге дейін анықсыз. Факторлары: - 66-80% жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары - әр түрлі жұқпалар (күл, баспа, жедел респираторлы жұқпалар) - дәрі-дәрмектер (егулер, антибиотиктер, витаминдер) - тамақ (айқын аллергендер – балық, жұмыртқа, құлпынай, консерванттары бар. - кейбір адамдарда созылмалы инфекция ошақтары пайда болады. өте жиі аллергиялық аурулар бойынша тұқым қуалаушылық анықталады.
П а т о г е н е з і.
Барлық жағдайларда 1-3 жұмаға созылатын жасырын, симптомсыз өтетін кезең айқындалады. Осы кезең антиденелер пайда болу уақытына сәйкес келеді. Антиген-антидене реакциясына байланысты қантамыр қабырғасында қабыну процесстер пайда болады, жасушалары өз құрлысын өзгертіп, антигендік қасиетке ие болады. Сондықтан аутоиммундық құбылыстар пайда болады; бір жағынан, қан тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды, екінші жағынан, қан тамырлардың зақымданған эндотелийі тамыр ішінде кішкентай қанқатпаларын туғызып капиллярларды бекітіп тастайды да, ұсақ қан тамырлардың үзілуіне, некрозына, микроайналым арнасының бұзылуына соқтырады.