Фаулер калыпта жату - наукас жастыксыз кереуеттiң ортасына аркасымен немесе шалкасынан жатады . Функционалды кереуеттің бас жағын 45-60 ° С жоғары көтеру керек немесе уш жастыкты бiр - бiрiне кою керек . Жогаргы Фаулер жагдайы - 90 ° С , ал теменгi Фаулер жағдайы -30ºС - ка кетеру керек . Фаулер калыпта жатуды - екпе , журек демікпесiнде , гипертониялык кризде , терi ойылуда колдануға болады.
,
Симс калыпта жату - наукасты бiр кырынан жатқызу керек.Төменгi колы аркасына карай созылып , ал екі аягы женіл тiзесiнен бүгiледi . Жоғарғы аяғы алдына таман каттырак бугiлiп , төменгі аяғы төсекте созылып жатады .
Стационарда жағдайы ауыр науқастардың күтім іс-шарасының ең міндетті және күрделісі, бұл төсек жаймасын ауыстыру. Сақтықпен орындамаса асқынуға соқтығысу мүмкін.Қозғалуға тыйым салынған жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын ауыстыру өте сақтықпен орындалып, жақсы көңіл-күйге және терінің инфицирленуінің қаупін алдын алуға, ойық жараның дамымауына әрекет етуі керек.
Іс-шараны жасар алдында таза төсек жайма жиынтығын (жайма, жастық тысы, көрпе тысы) және лас төсек жаймасын салатын қап дайындау қажет. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіріп, келісімін алу міндетті. Науқас жағдайын және одан келетін көмек қабілетін бағалау. Қолды гигиеналық әдіспен жуып, бір реттік қолғап пен алжапқыш киеді.
Науқастың аз физикалық күш жұмсауы үшін төсек жаймасын ауыстыруға екі адам қатысуы қажет. Жайма матрасты тек үстінен және жан-жағынан ғана жаппай, сонымен қатар дөңбек жағын да жабуы керек. Жайма жиектерін салбыратпай барлық жағынан матрас астына бүктеп салады. Лас жайманы клеенкалы қапқа жинайды және палатадан алып кетеді. Кір жуатын бөлмеге дейін төсек-жаймасы арнайы бөлмеде (лас төсек - жаймасы) немесе арнайы бакта, контейнерде сақталуы қажет.
Төсек – жаймасын ауыстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ күнделікті тәжірибеде көлденеңнен және ұзына бойлай ауыстыру кең қолданылады.